V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 6 қыр­күйек күні Астанада театрландырылған қойылыммен «Бірлік Керуені» салтанатты іс-шарасы өтеді.
Әр өңірдің қасиетті суы – Астанада
595
оқылды

«Бірлік Керуені» – Қазақстанның 20 өңірінен республиканың барлық тұрғындарын біріктіретін және V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бір бөлігі болып саналатын маңызды мәдени оқиға.

Іс-шара өткізілетін күні әр өңірден келген спортшылар, қоғам қайраткерлері Астанаға Қазақстанның қасиетті көздерінен су жеткізеді. Елі­міз­дің түкпір-түкпірінен жиналатын су Астанадағы тайқазанда ойындардың ашылу күні қосылып, бірліктің басты символына айналады.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің әр өңірінің қасиетті бұлағында торсықты толтыру үшін су тартылған. Дәл осы су Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатының негізгі элементі болады. Астанада су алу рәсімін өткізу үшін Есіл өзенінің көзі таңдалды. Есіл – елорданың басты су артериясы. Өзен бүкіл қала арқылы өтеді, Астананың көрікті жерлерінің бірі болып саналады.

Айта кетейік, ойындар ашылған күні киелі суға толы торсықтары бар түрлі өңірден келген батыр құрамындағы керуен ойындардың ашылу салтанатында жарқын шерумен өтеді. Өңірдің дәстүрлері мен стилистикасымен безендірілген керуен құрамында Астанаға су ыдысынан басқа, ойындардың мәдени бағдарламасына қатысатын шығармашылық ұжымдар жіберіледі.

«Бірлік Керуені» өткізілетін күні Royal Beats барабаншылар ансамблі, «Жошы» тобы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да әртістері концерттік бағдарлама ұсынады.