Өкінішке қарай, Түркия Республикасының командасы жарыс жолынан шығарылды.
"Ұлы дала жорығы" халықаралық марафон-бәйгесінің үшінші күні басталды
1,447
оқылды

Ақмола облысы Атбасар ауданының маңынан   300-шақырымға барлығы 17 команданың 16-сы жарыс жолына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Өкінішке қарай, Түркия Республикасының командасы жарыс жолынан шығарылды. 200 шақырымды бағындыру жолында түрік ағайындарымыздың жүйріктерінің де тұяқтары кетіліп, аяқтан ауырсынып қалған көрінеді.

Жылқылардың денсаулығын жіті тексерген ветеринар Ержан Есенеевтің айтуынша, қанша жерден тырысқанымен, жылқылар жарысқа шыға алмайтынына көз жеткенін айтады.

"Біз Түркия командасының сәйгүліктерін бірнеше рет тексере келе осындай шешім қабылдадық. Шешіммен команда мүшелері де толық келісіп отыр. Себебі команда үшін аттың денсаулығы маңызды. Жануарлардың табандарына тас батқан. Мұндай жағдайда жылқыны қинауға болмайды. Одан кейін шабандоздардың салмағы да көп рөл ойнайтыны белгілі", –  дейді Ержан Есенеев.

Келесі 250-шақырымда жүйріктер дамылдайтын жер Атбасар ауданына қарасты Мариновка ауылының маңында болмақ.

Бердібек ХАБАЙ