Іс-шараның мақсаты – еліміздің әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуының өзекті мәселелері контекстінде биылғы басты саяси құжаттың негізгі ережелеріне сараптамалық талдау жүргізу.
Президент орталығында Жолдау талқыланды
729
оқылды

Қазақстан Республикасы ПІБ Президенттік орталығында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның мақсаты – еліміздің әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуының өзекті мәселелері контекстінде биылғы басты саяси құжаттың негізгі ережелеріне сараптамалық талдау жүргізу.

Дөңгелек үстел отырысына Қазақстан Республикасының Мәжіліс Парламентінің депутаттары, сарапшылар, ғылыми қоғамдастықтың өкілдері, даму институттары мен азаматтық қоғам өкілдері, елордадағы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері қатысты. Іс-шарада 80-нен астам қатысушы болды.

Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат өз сөзінде, президенттік стратегияның негізгі бағыттары экономиканы жаңғырту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Және осы тұрғыда ел Президентінің ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздікті жою бойынша алға қойған міндеттерін, салық жүйесін жетілдіру, Ұлттық қорды басқару, тиімділігін арттыру және бюджетаралық қатынастарды оңтайландыру, инвестициялық ахуал мен бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту, өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу, экономиканы цифрландыру, коммуналдық секторды және жол құрылысын жаңғырту, ШОБ дамыту мәселелерін атап айтқанын ескеру қажет.

«Ұлт денсаулығын нығайту жөніндегі шаралар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және адами капиталды дамыту мәселелерін шешуге бағытталатын болады, әлеуметтiк қолдау жүйесiн қайта жiберу, сондай-ақ қоғамда құқық тәртiбi идеологиясын толық орнықтыру жүзеге асырылады», – деп жалғастырды Б.Темiрболат.     

Келесі баяндама кезегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ажар Сағандықова жастар арасында әртүрлі мамандықтарды кеңінен насихаттау, біліктілікті арттыру саласындағы заңнамалық актілерді қабылдау және сол мамандықтардың еңбекақысын арттыру мәселелеріне тоқталды, сондай-ақ елдегі экологиялық проблемаларды кешенді шешуге арналған заң жобаларының пакетін әзірлеуді ұсынды.

Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дастан Дюшекеев өз сөзінде Қазақстан мен Қырғызстан арасында Орталық Азия аймағындағы екіжақты байланыстар мен ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша көп қырлы өзара іс-қимылмен сипатталатын тығыз одақтастық қатынастар орнатылғанын атап өтті. Д.Дюшекеевтің айтуынша, Қазақстан Президентінің Жолдауында айтылған бастамалар Қырғыз Республикасының жүргізіп жатқан сыртқы және ішкі саясатына көп жағынан ұқсас.

Парламентаризм институтының атқарушы директоры Алмас Қанатовтың өз пікірін білдіре отырып, биылғы жылдың басты саяси құжатының түйінді идеялары – ұлттық экономиканы жаңғырту, әрбір қазақстандықтың өмір сүру сапасын арттыру, құқықтарын қамтамасыз ету екенін атап айтты. Президенттің биылғы Жолдауында Мемлекет басшысының 2023 жылға арналған Жолдауында жариялаған жаңа экономикалық моделін одан әрі кеңейту мен тереңдету бойынша дәйекті стратегиялық бағыты айқын көрсетілген.

«Ел Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына, несие және салық саясаты арасындағы теңгерімсіздікті жоюға, бизнес-процестерді жүргізу жағдайларын жақсартуға, елдің кадрлық әлеуетін ұдайы арттыру, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін және азаматтарды әлеуметтік қорғауды нығайту, экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаға құрметпен қарауды тәрбиелеу, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, қоғамда құқықтық тәртіп идеологиясын қалыптастыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру, инфрақұрылымның басым мәселелерін шешуге бағытталған бірқатар стратегиялық бастамаларды атап өтті», – деді өз сөзінде «Мемлекет тарихы институтының» директоры Нұрбек Пұсырманов.

Шара барысында сондай-ақ «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ төрағасы Динара Садвакасованың, Еуразиялық интеграция институтының ғылыми-теориялық талдау және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Арман Ешмұратовтың және Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының жетекші ғылыми қызметкері Мариан Әбішеваның баяндамалары тыңдалды.

Дөңгелек үстелдің талқылау қорытындысы бойынша материалдардың электрондық жинағы әзірленетін болады, оны кейіннен уәкілетті мемлекеттік органдар одан әрі жұмысты жалғастыру үшін жолдау жоспарлануда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.