Өнер иесінің қызы Сымбат үйіне тұрмысқа шыққаннан кейін алғаш рет келген.
Көзімнен жасым үзілді: Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызына терме арнады
Видеодан алынған кадр
658
оқылды

Танымал әнші Абай Бегей 16 жасында тұрмыс құрған қызына терме арнады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Келін болған қызымды көріп көңілім бұзылды

Танымайтын жат елдің, шайын құйып, сызылды

Көлегейлеп көзімді, көзімнен жасым үзілді

Еркелігі үйдегі елес боп көзге ілінді”, – деп жырлады әнші. 

 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, жылы лебіздерін жарыса жазып жатыр. 

“Абайдың қызына деген сағынышы осы термемен жетті”, “Екі жас бақытты болсын!”, “Өте дұрыс жазылған терме екен”, “Күйеу бала алған қызын жылатпауы керек”, “Қайта-қайта тыңдап, жылай бердім”, – деп жазды көпшілік.