Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен баланың өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ.
Дәрігерлер салмағы 1 келіге де жетпей туған нәрестені аман алып қалды
414
оқылды

Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентхана бөлімінде 28 шілде күні 27-апталық бала дүниеге келді. Небәрі 970 грамм болып жарық дүние есігін ашқан сәбидің жағдайы өте ауыр болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердін айтуынша сәбиге алғашқы реанимациялық көмек көрсетіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Туа біткендегі ағзаларының толық дамымауына байланысты нәресте протокол бойынша жансақтау бөлімінде толық емін алып шыққан.

«Өкпені жетілдіруге арналған препараттар, антибиотиктер, ағзаның өсуіне қажетті инфузионды терапия арқылы ем жүргіздік. Өмірінің 38-тәулігінде жағдайының тұрақты болуына байланысты нәрестені потология бөліміне ауыстырдық», – дейді №2 қалалық ауруханасының дәрігер-неонатологі Қаракөз Асқарқызы.

Дәрігерлердің айтуынша, қазір ана мен баланың өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Ал баланың салмағы болса 1512 граммға жеткен. Бала өздігінен дем алып жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.