Ғалымдардың кейбірі әлем бойынша оталып не өртеніп кеткен орманның орнын павловния ағашымен толтыруды алға тартып отыр. Бір жылда 2 метрге дейін биіктеп өсетін ағаштың артықшылығы да көп. Кез келген жерде жайқалып өсетін ағашты әзірге Астанада өсіру мүмкін емес.
Пайдасы мол павловния
680
оқылды

«Павловния» деген ағаштың әй­бат түрін бүгінде отандық шар­уа­лар көптеп өсіре бастаған. Қан­ша жерден көп өсірсе де, көрші қыр­ғыз бен өзбекті озып кете ал­май отырмыз. Ол ел­дер­де осы ағашты өсірушілерге ел қа­­­­зынасынан кә­дім­гідей қомақты қа­­ражат та қарас­тырып, бағбан­дар­ға өсімдікті баптап-бағуға бар жағ­дай жаса­лады. Ал біздің елде, өкі­нішке қарай, мұндай мүмкіндік бол­май тұр. Қазақстанда бұл ағаш­ты кә­сіби түрде не кең ауқымда өсі­ру қиын көрінеді. Себебі ел Үкі­меті мен арнайы министрліктер ағаш өсіру мәселесін әлі дұрыс қол­ға алмай отырған сыңайлы. Ай­­туларынша, еліміздің кли­мат­тық жағдайы оңтүстіказиялық өсім­діктің еркін өсуіне кедергі бо­лады екен. Десе де, еліміздің оң­түс­тігіндегі бірнеше шаруа қо­жалығы ағаштың осы түрін өсіру ісі­мен айналысып, кәдімгі тә­лім­бақ жасап пайда таба бастаған. Бү­гінде тек кәсіп үшін шаруа жа­сап отыр­ған қожалықтар жұмысты кең көлемде жүргізуге мемлекет та­рапынан қосымша қолдау ре­тін­де субсидия мәселесін қарастыру ке­­регін айтып отыр. Мемлекет қол­­дап, ғылыми тұрғыда демеу көр­­­­­сетпеген жағдайда шаруаның ісі алысқа шаппайтынын өздері де мойындайды.

«Бақ жасасам деп едім...»

Ағаштың бұл түрі өте жылдам қар­қынмен өседі. Айналасы 5 жыл­да биіктігі 25 метр болып шыға ке­ле­тін жапырақты өсімдіктің осы тү­рінен құрылыс материалдарынан бас­­тап үй жиһаздары мен мал азы­ғын да даярлай береді. Көрші Өз­бек­­станға барғанымда ағаштың ас­­қан алып түрлерін көрдім. Тіпті, кей­­­біріне құшағым жетпей қойды, – дейді түркістандық кәсіпкер Нұрил­ла Құрбанжанұлы. 

Мәселен, көрші Өзбек­стан­дағы павловния ал­ғаш рет 2009-2010 жылдары әке­лін­ген. Өзбек ғалымы, профессор Әлі­шер Тораев өсімдіктің бұл түрін Бол­гариядан көріп зерттей бас­та­ған. Сөйтіп, бір жолы көшеттерін ел­ге ала келген. Ғалым шаруасын мұ­нымен ғана тоқтатпай, елдің түр­лі аймағына апарып отыр­ғы­зып, кәдімгі тәжірибе жасайды. Жұ­мыстың сәтті болғанын көрген Өз­бекстан министрлер кабинетi 2020 жы­лы павловния ағаштарына ар­нап тәлімбақ құру жөнiндегi қаулы шы­ғарған. Міне, содан бері бұл ел­дің шаруалары өсімдікті өсіру­дің нағыз маманы болып ал­ған. Қазір өза­ғаларымыз көшет­тер мен ағаш­тан жасалған дайын өнімді Қа­зақ­стан, Қырғызстан, Украина, Ре­сей, тіпті Индонезияға дейін еркін сау­далап отыр. Бір айта ке­терлігі, Өз­бекстан Орталық Азия­­­дағы пав­лов­ния өскіндері мен кө­шеттерін in vitro әдісімен дайын­­­­­­дайтын De Nova Agro деп ата­­­ла­тын зертхана құрған. Зерт­ха­нада павл­овния ағаштары тапсы­рыс берушілер сұранысына қарай өс­­кін немесе көшет түрінде жеткі­зі­­ле­ді. Олардың басым бөлігі шет­ел­­­­дер­ге экспортталады. Біздің ел­­дегі ша­руалар да осы өзбек ағайын­­дар­дан көшет алып, көкте­тіп отыр. 

– Қазір мен өзімнің ауламдағы 25 сотық жерге осы павловния кө­шет­терін отырғызып, оны сатумен ай­­­­налысып жүргеніме 4 жылдан ас­ты. Ағаш күш алып кетуі үшін, әри­не, 1-2 жыл жақсылап күту қа­жет. Одан кейін бұл өсімдікке еш­теңе болмайды. Тез арада жа­пы­рақ­­тары жайқалып, жасыл ну бо­лып шыға келеді. Тіпті, үлкейіп кет­кенін байқамай да қалады екен­сің. Бақшамды бұдан да үлкен етіп жайқалтқанды қалаймын, бір­ақ оны күтіп-баптау да үлкен күш бо­латыны белгілі. Сондықтан осы өз ауламдағы шағын бақшаны қа­на­ғат етіп отырмын. Мемлекеттен қол­дау болса, әрине, жұмысты үл­­­кей­туге болар еді, – дейді сары-а­ғаш­­­тық шаруа Нұрила Құрбан­жан­ұлы.

Оңтүстікте нәпақасын осы пав­ловния ағашы арқылы айы­рып отырған отбасылардың қа­тары күн санап көбейіп келеді. 

– Ағашты өсіріп, гүлдендіру үшін алдымен жерді дұрыстап дайын­да­ған жөн. Себебі алғашқы уақытта өсім­дік суды өте көп қажет етеді. Та­мыры топыраққа бекіп, терең­деп алғаннан кейін еш қорықпауға болады, – дейді Сайрам ауданы Арыс ауылының тұрғыны Қайнар­бек Даврамбеков.

– Бір түп ағаштан 1-1,5 куб дайын құрылыс материалын алуға бо­лады. Тіпті, ағаштың қасиетін ай­та барсем өте көп. Мысалы, ше­бер­лер музыкалық аспаптың сан тү­рін осы өсімдіктің өзегінен жа­сай­ды. Одан бөлек, жапырағы тү­ге­лімен мал азығы ретінде пайдаға жарап жатыр. Сондықтан сұраныс жоғары. Тіпті, павловнияның гүлі өте шырынды болады. Ағашты мол өсіріп, омарташылық кәсіппен де шұ­ғылдануға болады, – дейді шаруа. 

Қайнарбек Даврамбеков кә­сі­біне қызыққан өзге де әуесқойлар бақ­шасына ағаштың бұл түрін ар­найы іздеп келіп, көшеттерін са­тып алып кетуде. Бүгінде шаруа же­рін кеңейтіп топырағын қоп­сы­ту үстінде екен. Тіпті, шылаушын құр­тын да мол салып, топырақты ке­лесі жылғы көшеттерге дайын­дап жатқанын айтты.

Ғылыми қолдау аса қажет

Павловния ағашынан бө­лі­нетін оттегі басқа ағаш­тар­ға қарағанда бірнеше есе көп бо­лады екен. Оған өсімдіктің жа­пы­­рақтарының молдығы мен кө­ле­мінің үлкендігі себеп болатын кө­рінеді. Тіпті, бұл өсімдікті қала кө­шелеріне егіп, күтіп баптаса, сән­­дік ағаш есебінде де көшеге ерек­­ше көрік береді. Бұл туралы Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсім­­дік қорғау және карантин ҒЗИ-ның орман және жасыл же­лек­­терді қорғау бөлімінің мең­геру­шісі Гүлназ Меңдібаева айтып отыр. 

– Осыдан бірнеше жыл бұрын біз институтқа павловния аға­шы­ның көшеттерін шетелден алып келіп өсіріп, тәжірибе жасағанбыз. Бұл өсімдікті жан-жақты ғылыми тұр­ғыдан сүйемелдеп, молайтуға бола­тынын байқадық. Мұндағы ең бас­ты шаруа – өңірлерге байла­ныс­ты бейімдеу жұмыстарын дұ­рыс жүргізу қажет. Жеріміз кең бол­ғандықтан, әр өңірде кли­мат­тық ахуал әр басқа. Сондықтан сол өңірге бейімдеу керек. Әйтпегенде, шаруа шығынға ұшырап қалады. Енді біздің Алматы мен еліміздің оң­түстігі үшін аса қиын бола қой­мас, дегенмен де ғылыми жағына көп мән берген абзал. Олай дей­ті­нім, өсімдік өзімен бірге түрлі зиян­­кесті алып келуі әбден мүм­кін. Сөйтіп, оның өсуіне жол бер­мей­ді. Тіпті, өзге де ағаштарға зия­ны тиіп кетіп жүруі де ғажап емес. Сондықтан мемлекет тара­пы­нан ғылыми қолдау болып, ар­найы жобалар жасалса, нұр үстіне нұр болар еді, – дейді PhD Гүлназ Меңдібайқызы. 

Әрине, мемлекет тарапынан қандай да бір жоба жасап, өсім­тал ағашты өзгелер тәрізді Қа­зақ­станның да климатына бейім­деу­ге болар. Бұл сауалды орман ша­руашылығы, жабайы табиғат са­ласының маманы Ауыл шаруа­шы­лығы ғылымдарының докторы, про­фессор Дани Сарсековаға қой­ған болатынбыз. Ғалымның ай­туынша, бұл ағашты тек жылы оң­түстік өңірге өсіруге болады екен. Ал солтүстік өңірге көктету мүм­кін болмай тұрған көрінеді. 

– Біз бір топ ғалым бірігіп, осы пав­ловния ағашын Астанаға өсіру­ді жоспарладық. Сөйтіп, жоба жа­сап, жұмысты бастаған едік. Көр­ші Өзбекстаннан және өзге де ше­телдерден көшеттер әкелдік. Оны арнайы жылыжайларда көк­те­тіп, ең ыңғайлы әрі топырақ жағ­­­­­дайы қолайлы деп табылған Ақ­көл қаласы маңындағы тәлім­бақ­қа апарып отырғыздық. Жаз бойы жайқалып жақсы өстік. Бірақ біз күз бен қыс мезгілі келген шақ­та өсімдіктің жағдайы не бол­мақ деп қатты алаңдадық. Күдігіміз рас­талып, қайта көктемде ағаштар бүршік атпай қалды. Қыс бойы біз бар жағдайды жасадық. Тіпті, әр­бір жас шыбықты орап, үсіп кет­пеу­ден қорғадық. Бірақ болмады. Жер қатты тоң болып қатқан кезде та­мырға зақым келген. Сөйтіп, қан­ша еңбек ақталмай қалды. Сон­дықтан Астана маңына және сол­түстік өңірлерге ағаштың бұл тү­р­ін өсіру әзірге мүмкін емес де­ген шешімге келдік. Мүмкін, бо­ла­шақта өсімтал ағашты өсірудің тың тәсілі табылып қалар. Бірақ біз қолдан келген жұмыстарды жа­са­дық, – дейді ғалым. 

Ғалыммен сөйлесіп отырып «әт­теген-ай» деп сан соқтық. Мақ­сат орындалған кезде павловния аға­шын Астанада өсіру арқылы әсем­дігімен көз тартар әдемі ағаш­ты көше бойына егіп, қаланың он­сыз да түтінге тұншыққан ауа­сын сәл болса да сейілтуге мүм­кін­дік туған болар еді. Онымен бірге қа­ланы қоршап тұрған жасыл бел­­­­деудің де ну орманға айналуы шы­нымен де экологияға оң өзгеріс әке­лер еді. 

Айта кетейік, әлемде болатын жыл сайынғы алапат өрт кезінде сан мыңдаған жасыл ағаш жойы­лып кетеді екен. Мысалы, жер бе­тін­дегі ормандардың жалпы ау­да­ны орта есеппен 42 млн шаршы шақырым немесе 4,2 млрд гектар деп есептесек, әр көктем ауысқан шақ­та олардың ауданы 1,5-2%-ға кеміп кеткенін ғалымдар байқаған. Бұл көрсеткіштер орманның таби­ғи және жасанды жолмен қалпына келтірілу қарқынынан бірнеше есе артық. Орта есеппен 10 гектар отал­ған орман орнына жылына 1 гектар ғана отырғызылады екен. Егілген ағаштың тек 40-45 пайызы ғана өсіп қалғаны қурап қалатын кө­рінеді. Бұл олқылықтың орнын тол­тыруға павловния ағашы – тап­тырмас дүние. 

Өмір ағашы

Адамдар арасында өмір ағашы ретінде де белгілі павловния – Қы­тай мен Жапонияда ғасырлар бойы өсіп келе жатқан өсімдік. Оның тарихын ғалымдар осыдан 2 600 жылдан астам уақ бұрын деп бол­жаған. Неміс натуралистері бұл ағаш­тың тұқымын ХІХ ғасырдың ба­сында Еуропаға әкелді. Бүгінде оны АҚШ, Аустралия, Испания, Германия, Болгария, Венгрия, Ру­мыния және топырақ пен кли­мат­тық жағдайлары осы жылу сүйгіш өсім­дікке қолайлы басқа елдерде табуға болады.

Кейбір сарапшылар павлов­нияны пайдалану ағаш шы­ғындарын 35%-40% төменде­те­ді деп есептейді. Ағаш Еуропадан Ресейге 2016 жылдың қаңтарында рес­ми түрде әкелінген. Осыдан кейін Ресей Федерациясының ау­ма­ғында пайдалануға рұқсат етіл­ген селекциялық жетістіктер тізі­лі­міне енгізілді. Ресейліктер ХХ ға­сырдың басында павловнияны бел­сенді түрде өсіруге тырысты. Құжаттарға сәйкес, алғашқы сынақтар 1911 жылы І Петрдің им­ператорлық ботаникалық ба­ғында жүргізілген. Көшеттер жы­лы­жай­ларда сәтті өскен екен. Бір­ақ олар­ды Ресейдің солтүстік-баты­сын­дағы ашық жерге көшіру әре­­­кеттері сәтсіз аяқталыпты – ағаш­­тар қатып қалған. 1956, 1964 және 1993 жыл­дары тағы бірнеше рет ғылыми әре­кет жасалғанмен, нәтиже бол­ма­ған. Ағаш атауы жа­пон тілінде «өмір» деген мағынаны біл­діретін «Кири» сөзімен белгілі. Кири әр­қа­шан қасиетті ағаш және сәттілік символы болып саналды. Ал оның қазір «павловния» деп аталуында да қызық дерек бар. 1823 жылы не­міс табиғат зерт­теу­шісі Филипп Франц фон Сибольд Жапонияға барады. Жапонияда біраз уақыт болғаннан кейін ол Голландияға ора­лып, өзімен бірге әдемі Ки­ри­дің тұқымын әкеледі. Бұл жаңа әде­мі өсімдікті қалай атау­ға бола­ды деген сұрақ туын­дайды. Сөйтіп, Нидерландтың сол тұс­тағы пат­шайы­мы Аннаның құр­метіне «Ан­на Павловна» деп атайды. Кейін ке­ле Анна сөзі түсіп қалып, тек ел ара­сында «Павлов­ния» аталып кеткен екен.

Бердібек ҚАБАЙ