Ол қайғылы оқиға болған күні не болғанын егжей-тегжейлі баяндап берді.
Әндерін бізге тыңдатып отырды: марқұм Мадина Ералиеваның күйеу баласы әнші қаза тапқан жол апаты туралы айтты
Видеодан алынған кадр
3,410
оқылды

Танымал әнші Мадина Ералиеваның күйеу баласы Оралбай Әбдіқадыр өнер иесінің өмірін қиған жол апаты туралы әңгімеледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қаралы күн жайында "Астарлы ақиқат" бағдарламасында сөз болды. Ол қайғылы жағдай болған күні көлікте тек үш адам болғанын жеткізді.

"27 қарашада Қазалыдан шықтық. Оразаның бірінші күні еді. Аудан әкімінің үйіне қонаққа келіп, содан бәріміз шыққан едік. Оразада ауыз бекітетін болған соң ешкім ештеңе ішпеді. Шай ішіп, жолға шықтық. Жаңбыр жауып тұрған жоқ, бірақ жердің беті мұз еді. Аудан орталығының МАИ басшысы "сен рульге отыр" деді. Қасымда Болат пен Мадина бар. Көлікте үш адам болдық. Мадина "Кешке дейін мен өзім айдап барайын, одан кейін екеуің кезектесіп айдайсыңдар" деді. Содан көндік. Кетерінің алдында жазған кассетасындағы әндерді қойып, қайта-қайта бізге тыңдатып отырды", – деді ол.

Оралбай Әбдіқадыр көлік мұз жолда сырғанап, жолдың шетіне шығып кеткенін айтты. Ол темір тұлпар сайға аунап кеткенде көлікте Мадина Ералиева болмағанын жеткізді.

Сөзінше, ол қауіпсіздік белдігін тақпаған. Оралбай Әбдіқадыр жол апатынан кейін әншінің жүрек соғысы болғанын айтты.