Мықтыбектің кіші финалдағы қарсыласы - грузиялық Лука Гвинджилия.
Күрестен әлем чемпионаты: Қазақ балуаны қола медальға таласады
Фото: ҰОК
1,021
оқылды

Испанияда өтіп жатқан күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық балуан қола медальға таласады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жатқан Мықтыбек Үкіметұлы жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті. 

Ширек финалда Мықтыбек ресейлік Лев Павлодан ұтылған болатын. Қарсыласы финалға дейін сүрінбей жеткен соң, қазақстандық балуан жұбаныш белдесуіне қатысуға мүмкіндік алды. 

Нәтижесінде, Үкіметұлы бразилиялық балуанды 7:2 есебімен жеңіп, турнирдің қола медаліне күресетін болды. 

Мықтыбектің кіші финалдағы қарсыласы - грузиялық Лука Гвинджилия. 

Айта кетелік, бүгін Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақта әлем чемпионатының алтыны үшін белдеседі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.