Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес, іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады.
Ертең Астанада Жансүгіров көшесінің учаскесі жабылады
Фото: istockphoto.com
645
оқылды

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы І.Жансүгіров көшесі бойынша Абылай хан даңғылынан Ш.Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Осыған байланысты 8 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 9 қыркүйек күні сағат 06:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес, іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.