Қазақстан құрамасы сырт алаңда Словенияға қарсы ойнайды

Отандық футболшылар В лигасы үшінші тобында Норвегия, Словения және Австрия құрамаларымен сынға түседі.

Бүгін  Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасында Словенияға қарсы ойнайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Отандық футболшылар В лигасы үшінші тобында Норвегия, Словения және Австрия құрамаларымен сынға түседі.

Кездесу Астана уақытымен 23:45-те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған ойында Жоау Пиньейру бас төреші міндетін атқарады. 

Өз тарихында екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде кездесіп, екі ойында да қазақстандық футболшылар қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.

Ұлттар лигасының алғашқы турында Қазақстан құрамасы Норвегиямен 0:0 есебімен тең түссе, Словения мен Австрия 1:1 есебіне қанағат білдірді. 

Қазір бұл топтағы командалардың барлығында бір ұпайдан бар. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.