Мемлекет басшысы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас хатшысы Зураб Пололикашвилиді қабылдады.
Ел экономикасын дамытуға жол ашады
502
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев V Дүниежүзілік көшпенді­лер ойындарының ашылу салтанатына қатысқаны үшін UNWTO делегациясына және Зураб Поло­ликашвилиге ризашылығын білдірді.

Президент бұл ауқымды іс-шара халықтар ара­сын­дағы достықты нығайтуға, Қазақстанның имид­жін ілгерілетуге, еліміздің бай мәдени-тарихи мұра­сын дәріптеуге септігін тигізетінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұйыммен тығыз ынтымақтастыққа бейілді және туризм сала­сындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Бас хатшы Зураб Пололикашвили қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ұйымдас­тырылу деңгейіне жоғары баға берді. Оның пікірінше, мұндай іс-шаралар туризмді және жалпы ел эко­номикасын дамытуға жол ашады.

Кездесу барысында Қазақстанның БҰҰ Дүние­жүзілік туристік ұйымымен серіктестік аясын кеңей­ту перспективасы талқыланды. Еліміздің туристік әлеуетін және халықаралық аренадағы беделін арт­тыруға ықпал ететін нақты жұмыстарға баса назар аударылды.