Бұл жолғы жорықтың қызығы мен шыжығы көп, қиындығы да аз болмады. Аталмыш ат бәйгесіне арнайы қатысудағы мақсат – осы бір марафон бәйгенің ерекшелігіне қанығу, ен даланың төсінде көсілген тұлпарлардың төзімі мен бабын байқау еді.
«Ұлы дала жорығы»: ұлттық намысты асқақтатты
719
оқылды

Иә, бабы мен бағы бірдей сынға түс­кен бұл жол­ғы тұл­парлардың тұрпаты ерек­ше болды. Шынын айтқанда, шы­дамы мен жарауы жан жағы­нан сәй­­кескен ат бәйгесі көпші­лік­тің назарында бол­ғаны анық. «Ұлы дала жорығы» ат бәйгесі биыл халықаралық деңгейде бі­рін­ші рет ұйымдастырылып отыр. Алдын ала ай­тыл­ған­дай, атал­мыш марафон V Дүние­жү­зілік көшпенділер ойын­дары­ның бас­тамасы іспетті еді. 

Дүбірлі доданың Солтүстік Қазақстан даласындағы Ботай мә­дениетінің қонысы болған ме­кеннен басталуы да тегін емес. Бір назар аудартқан дүние – осы жолғы ат бәйгесінде ша­бан­доз­дар арасында қыздардың көп болуы. Желмен жарысқан кіл жүй­ріктерді тізгіндегендердің 22-сі – бұрымдылар.  Сонымен, дүбірлі додада Қырғызстан, Ка­бардин-Балқар, Қара­шай-Чер­кеш Республикасы, Оңтүстік Аф­рика Республикасы, Татар­стан, Иран, Түркия, Венгриядан кел­ген команда­лардан бөлек, қа­зақтың Адай, Әулиеата, Най­ман, Жетісу жылқы тұқымдары мен Қостанай, Көшім асылтұ­қым­ды  жылқы­ларын ауыздық­таған 9 команда қатысты.  

Қанша жерден жүйрік, қан­ша мықты шабандоз болға­ны­мен, 500 шақырымдық жолды ең­серу оңай болмады. Әсіресе, толастамай тұрып алған жаңбыр мен ауаның  тым салқын болып кетуі де аттың кетеуін кетіре бас­тады. Салдарынан жолай көп жүйрік жолдан шықты. Тіп­ті, толық команда құрамы да ке­­­­лесі жүздік­тен соң жарыс жо­лына шықпай қалды. Бұған ауа температурасының күрт тө­мен­­деп, ылғалдың мол болып кетуі мен жер қыртысының алуан түрлі кейіпке енуі себеп бол­ды. Мұны шабандоз да, бап­кер де, тіпті ветеринар маман да ай­тып отыр. Десе де, бабы мен бағы сай келген тұлпар­лар алға озып, шабандоз тұғырға көте­рілді.  

Сонымен, Кабардин-Бал­қар команда­сы бірінші орынға шықса, екін­ші орында – Ал­ма­ты, үшінші орын­ды Ақтөбе өңі­рінің жігіт­те­рі қанжығалады. 

Сайыс болған соң жеңу бар да жеңілу бар. Деген­мен «ауа райы тым қатал болып кет­ті», – дейді қырғыз елінің ша­бандозы Тоқмергенов Ержан. 

«Біз осы сайысқа ұзақ да­йын­­далдық. Тіпті, Қырғыз­стан­да 300 шақырым қашықтыққа шауып, аттарды сынадық. Сү­рін­ген тұлпарларды тастап, ең мық­ты деген бес атпен келдік. Әри­­не, бұл жолы жаңбыр мол бол­ды. Жер жұмсақ екен. Аттар­дың тұяғы жібіп, тағасы түсіп қа­ла берді. Тұяқтары кетілген соң табандарына тас батты. Мал дәрігерлері де көп көмектесті, бі­рақ соңғы 100 шақырым қал­ғанда жарыстан шықтық. Ат­тар­ды қатты қинамаған дұрыс», – дей­ді қырғыз елінен келген ша­­­­­бан­доз. 

Бәйге басталған шақтан-ақ қыр­­ғыз командасы суырылып алға шықты. Тіпті, өзге коман­да­ларды жарты күндік жол қа­шық­тығымен артта қалдырып отыр­ды. Қырғызстандық ко­манданың көмбеге алдыңғы бо­лып келетіні туралы пікірлер де айтыла бастады. Дегенмен жағ­дай ойламаған жерден өзге­ріп шыға келді. Әрине, бәйге бол­ған соң аттың денсаулы­ғы­нан маңызды ештеңе жоқ. 

Журналист Аслан Қаженов: «Ұлы дала жорығынан нағыз қа­зақтың, яғни дала қазағының об­разын көрдім. Бұл жігіттер – тік мінезді, тәуелсіз. Ешқандай қитұр­қылыққа көнбейді. Бұған қоса, намыс­шыл. Оларға сыйа­қы көлемі маңызды емес. Ма­ңыз­­дысы – өз елінің абыройын ас­қақтату, басқаларға есе жі­бер­меу. Оның жолында малын да, жа­нын да құрбан қылуға дайын. Міне, осындай көрініс­терге куә болып, бір марқайып қалдым», – дейді. 

Халықаралық марафон бәй­геде бағын сынап, атының ша­бысын аңдаған бапкерлер ендігі бәй­геге қалай және қайтіп да­йын­­далудың қыр-сырын жақ­сы түсінді. Алдағы мара­фон­ға атта­рын тағы да сайлап әкелетінін айтқан шабандоз бен команда жетекшілері бұл жолғы қателікті қай­таламайтындарын айтып жатты. 

Ұлы дала жорығы далақтап да­лада шабу емес. Ол жерде ұлт­тық мүдде, ұлт­тық дәстүр, ұлт­тық болмыс, қазақы рух жатыр. Яғ­ни, біз жоғалтып алған біраз нәр­сені қайта жаңғыртатын, қай­та қал­пы­на келтіретін бас­та­ма. Сон­дық­тан ары қарай да жал­ғасы­н табады деген сенім­деміз. 

Не де болса, бұл бәйгенің жө­ні бөлек болғаны шын. 

Бердібек ҚАБАЙ