Қамшыбек Қоңқабаев колонияға барды.
Боксшы Қамшыбек Қонқабаев Бишімбаев отырған түрмеге барды
Фото: Gov.kz
21,882
оқылды

Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, аса ауыр салмақтағы Қазақстан құрамасының көшбасшысы Қамшыбек Қоңқабаев колонияға барды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл шара ҚР Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды жақсартудың 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылған.

Аталған іс-шараны Астана қаласы Қылмыстық-түзету мекемесі мен Аршалы аудандық прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырған. Мақсат сотталғандармен тәрбие және профилактикалық жұмыстарды жүргізу болатын.

«Өз қателіктеріңізді түсініп, еліміздің толыққанды азаматтары ретінде еркіндікке оралуға ұмтылуларыңыз керек. Сіздерді спортпен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Спортпен айналысу ешқашан кеш емес. Бір айтарым болашақтарыңыз өз қолдарыңызда әрқашан есте сақтаңыздар», – деді Қамшыбек Қоңқабаев өз сөзінде.

Боксшы спорттағы карьерасын, жеңіске жеткен жолдағы қиындықтары мен қызықтарын әңгімелеп берді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.