Министр қазіргі уақытта қолданыстағы еңбек заңнамасы ыңғайлы жұмыс кестесін құруға мүмкіндік беретіндігін айтты.
Қазақстанда жұмыс күні қысқара ма?
1,062
оқылды

Қазақстандағы уақыт өзгерісінің бір салдары – қараңғылықтың ерте батуы. Журналистер еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповадан күннің тым ертерек батуына байланысты жұмыс күнін қысқартуды жоспарлап отырған жоқ па деген сұрақ қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Министр қазіргі уақытта қолданыстағы еңбек заңнамасы ыңғайлы жұмыс кестесін құруға мүмкіндік беретіндігін айтты.

«Бұл жағдайда жұмыс уақытын қысқарту туралы мәселе туындамайды. Яғни, 40 сағаттық жұмыс аптасы болса, қызметкер 5 күн бойы 8 сағат жұмыс істеуі керек. Бірақ жұмыс берушімен келісе отырып, жұмыстың басталу мен біту кестесін өзгертуге болады», – деді Жақыпова.

Министрдің айтуынша, оның ведомоствосында қызметкерлерге ыңғайлы жұмыс кестесі қарастырылған.

«Мысалы, әртүрлі жастағы кішкентай балалар бар, бірі балабақшаға, екіншісі мектепке барады. Сол сияқты жұмыс күнін екі сағатқа ұзартып немесе бір-екі сағатқа кейін келуге рұқсат етіледі. Бұл мәселелер қарастырылуда. Қаласаңыз түскі ас уақытын жұмысқа бөліп, кеште ертерек кетіңіз. Кез келген жұмыс беруші қызметкерлеріне ыңғайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін бұл шараларды қабылдайды», – деп қосты Жақыпова.

6 қыркүйекте «AMANAT» партиясының депутаттары бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етті. Мәжілісмендер уақыттың жаңа UTC+5 форматына көшуіне байланысты қазақстандықтардан көптеген шағымдар түсіп жатқанын атап өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.