Ер адам 2 банка энергетикалық сусын ішкен.
Жолда энергетикалық сусын ішкен жолаушының жағдайы күрт нашарлаған
607
оқылды

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жолаушыға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, түн ішінде трассалық медициналық-құтқару пунктіне Алматыдан Қарағандыға келе жатқан автомашина жолаушыларының бірінің денсаулығы нашарлағаны туралы шақырту келіп түскен.

– Жедел әрекет ету бригадасының дәрігерлері 1981 жылы туған ер адамға 2 банка энергетикалық сусын ішкеннен кейін пайда болған, жіті панкреатит диагнозын қойып, медициналық көмек көрсеткеннен кейін зардап шеккенді Балқаш қаласының ауруханасына жеткізді, – делінген хабарламада.

ТЖМ Апаттар медицинасы қызметі ескертеді: энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.