Сотталғанды бұрын асқазан ауруына байланысты бірнеше рет медициналық мекемелерге апарған.
Шымкентте түрмеде жазасын өтеп жатқан ер адам көз жұмды
1,275
оқылды

Шымкент қаласының орташа қауіпсіздік мекемесінде қорқытып ақша алғаны үшін жазасын өтеп жатқан азамат қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Сотталғанды бұрын асқазан ауруына байланысты бірнеше рет медициналық мекемелерге апарған.

5 қыркүйекте ол тағы ауырып, Шымкент қаласының медициналық мекемесіне емделуге жіберілген.

7 қыркүйекте қайтыс болды.

«Өлімнің нақты себебін сот-медицина сараптамасының нәтижесі көрсетеді. Қорытындысы бізге әлі келіп түскен жоқ», – деп хабарлады қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. 

Қазіргі уақытта жеке қауіпсіздік тобы өңірдің денсаулық сақтау өкілдерімен бірлесіп, осы оқиғаның бүкіл мән-жайын тексеріп жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.