Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді.
Астанада Қорғалжын тасжолының учаскесі ішінара жабылады
Ашық дереккөз
526
оқылды

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылына жақындағанда Қорғалжын тасжолының оң жағындағы жол төсемін жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлім етті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осыған байланысты 14-15 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы қоса берілген схемаға сәйкес ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.