Алматы облысындағы тасжолдың бірінде Қонаев терминалының маңында адам өліміне әкелген жол апаты болды.
Алматы трассасында жантүршігерлік жол апаты болды, жүргізуші қаза тапты
692
оқылды

15 қыркүйекте түнгі сағат 2 шамасында Алматы-Өскемен тасжолының 25-шақырымында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен ақылы терминалдың бетон қоршауына соғылған, одан ұшып алдында тұрған Hyundai Sonata көлігімен соқтығысқан. Chevrolet жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

"Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, болжам бойынша Chevrolet көлігін басқарған ер адам тізгінге ие бола алмай қалған", – деп хабарлады Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу жалғасып жатыр.