Құлаған ер адам мерт болды.
Ақтауда ішіне пышақ қадалған ер адам терезеден секіріп кетті
Қызылорда облысы Денсаулық сақтау басқармасы
1,156
оқылды

14 қыркүйекте әлеуметтік желіде өз-өзін пышақпен жарақаттап, терезеден секірген ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Видеода ол: "Бұл қылмысты мен жасаған жоқпын", - дейді.

Zakon.kz редакциясы аталған қайғылы оқиғаға қатысты сауалмен Маңғыстау облысының Полиция департаментіне жүгінді.

"Өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция тергеу амалдарын қолға алды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда", - деді ведомстводан.

Бұған дейін Щучье қаласында 12 жасар қыз бесінші қабаттан құлағанын хабарлаған болатынбыз. Жасөспірім қыз қазір ауруханада жатыр.