Соңғы жарыс күні Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары) жұбаныш белдесуіне шықты.
Қазақстан командасы дзюдодан Хорватияда өткен турнирде екі алтын медаль иеленді
Фото: ҰОК
1,350
оқылды

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Загребтегі (Хорватия) Гран-при турнирін аяқтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Соңғы жарыс күні Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары) жұбаныш белдесуіне шықты. Өкінішке қарай, спортшы үшінші орынға таласуға мүмкіндік алмады. Ол австриялық Мария Холвартқа есе жіберді.

Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) пен Жанарыс Рахметқали (66 келіге дейін) алтын медаль алса, Ғалия Тынбаева (48 келіге дейін) екінші орынға табан тіреді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.