Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірнеше қызметкері лауазымынан босатылды
Фото: akorda.kz
985
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірқатар қызметкері лауазымынан босатылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;

Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.