Жиында электр энергиясына деген сұраныс жыл сайын артып жатқаны, жаңартылған энергия көздері халық қажеттілігін өтеуге қауқары жетпейтіні, экологияға қауіпсіздігі сөз болды.
Ешкімге тәуелді болмау үшін АЭС салынуы қажет – Халықтық штаб
593
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған Халықтық штаб қазір біраз өңірде жұртшылықпен кездесу өткізіп жатыр. Бүгін қыркүйекте АЭС құрылысын қолдау жөніндегі өңірлік Халықтық штаб "ҚазАзот" мекемесінің қызметкерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Халықтық штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында электр энергиясына деген сұраныс жыл сайын артып жатқаны, жаңартылған энергия көздері халық қажеттілігін өтеуге қауқары жетпейтіні, экологияға қауіпсіздігі сөз болды. Штаб мүшелерінің айтуынша, елдегі электр қуаты тапшылығының алдын алатын жалғыз тиімді жол – атом электр стансасын салу. 

– Елде АЭС салынса, тек электр қуатына қол жеткізіп қоймаймыз. Тұралап қалған түрлі салаларға серпін беріп, шағын және ірі кәсіпкерлік дамиды. Қосымша жұмыс орындары ашылып, жастардың ғылым-біліммен айналысуына мүмкіндік болады. Былтыр еліміз Ресейден шамамен 100 млрд теңгеге 3,4 млрд кВт/сағ электр энергиясын импорттаған екен. Электр энергиясының қымбаттауы тағы бар. Бұл өз кезегінде тұрғындар мен бизнеске салмақ түсіріп, шығынды көбейтеді. Сондықтан ешкімге тәуелді болмас үшін, энергетикалық және экономикалық жоғары көрсеткішке жету үшін АЭС салынуы өте маңызды, – деді штаб мүшесі Марат Молдагулов.

Кездесу соңында мамандар сұрақтарын қойып, штаб мүшелерінен тұшымды жауап алды. Сонымен қатар келесі айда өтетін референдумға белсенді қатысатынын айтты.