Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген субсидияларды негізсіз беру фактілері анықталды.
Қызылорда облысында заңсыз берілген 90 млн теңге субсидия мемлекетке қайтарылды
Фото: gov.kz
636
оқылды

Қызылорда облысының прокуратурасы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының бюджет қаражатын пайдалану заңдылығын тексерді, - деп хабарлайды  Aikyn.kz.                                                    

Нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұлттық жобасын іске асыруға бөлінген субсидияларды негізсіз беру  фактілері анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде негізсіз 47 шаруашылыққа берілген 90 млн теңге субсидия мемлекетке кері қайтарылды.            

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.