Екі ересек адам және екі бала қаза тапты.
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды
442
оқылды

16 қыркүйек күні Жангелдин ауданына қарасты Торғай ауылының маңында "Торғай-Арқалық" тасжолының 17-ші шақырымында Lexus пен ГАЗель көліктері соқтығысты. Жол апатынан төрт адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қостанай облыстық ПД аталған жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. 

– Екі көлік те Арқалық қаласына қарай бағыт алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 38 жастағы Lexus жүргізушісі алдындағыны басып озу кезінде рөлге ие бола алмай екінші көлікпен соқтығысқан. Оқиға салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі және екі бала алған жарақаттарынан қаза тапты. Сол көлікте болған тағы бір жолаушы ауруханада жан тапсырды, – деді облыстық ПД өкілдері.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол-көлік ережелерін қатаң сақтауға, атап айтқанда жылдамдық режимі мен маневр жасау талаптарын сақтауға шақырады.