Өнер иесі оқырманының түнгі 23.00 шамасында жеке нөмеріне жазғанына ашуланып қалған.
Заң жүзінде тәртіп бұзумен тең: Тамара Асар беймезгіл уақытта мазалайтын оқырмандарына ескерту жасады
instagram/tamara_assar_official
4,743
оқылды

Танымал әнші Тамара Асар беймезгіл уақытта мазалап, жеке телефонына хабарласатын оқырмандарына ренішін жеткізді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Өзің танымайтын белгілі адамның нөмерін тарату, оған мезгілсіз уақытта жазу – әдепсіздік. Заң жүзінде тәртіп бұзумен тең. Әлеуметтік желіде көмекшілерімнің нөмері бар. Сол кісілерге хабарласа аласыздар. Туысқан мен жақындарымның өзі сұрауларын жүйелі түрде жеткізеді. Жастар да, жас еместен де, сыйластық пен сауаттылықты талап етейік. Ал Алланың атын жамылып, хәл үстінде жатқан адамның жағдайын пайдаланып, түнде таңда жазуға рұқсат жоқ”, – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар өнер иесі репертуарындағы әндерді орындауға ниет білдірген тыңдармандарын да құлағдар етті. 

“Өзіңізге ұнаған менің орындауымдағы кез келген әнді жеке кәдеңізде қайталап, орындауыңызға болады. Бірақ дәл музыкасына өз даусыңызды жазып алып, әлеуметтік желіге таратуға қарсымын. Платформаларға жүктеуге қарсымын”, – деді өнер иесі.