Елорда әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушыға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Жапония елшілігіне жедел хабарлады.
Инсульт алған жапондық еліне аман-есен оралды
1,016
оқылды

Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлеріне уақытылы көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 17 тамызда «Токио – Цюрих» бағытындағы әуерейсінің жолаушыларының бірі ұшу барысында өзін нашар сезінген болатын. Жапония азаматы инсульт алып, ұшақ Астана қаласының әуежайына шұғыл қонды. 

Елорда әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушыға дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Жапония елшілігіне жедел хабарлады. Осыдан кейін ол шұғыл ауруханаға жатқызылды. 

Аталған жолаушы денсаулығы тұрақтанғаннан кейін Отанына аман-есен оралды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.