Қазақстанға ең көп туристер Қытай (33 мыңнан астам), Үндістан (6 мыңнан астам) және Германиядан (4 мыңнан астам) келген.
Қазақстанға 2 аптаның ішінде жарты миллионнан аса турист келді
Фото: istockphoto.com
959
оқылды

2024 жылғы 1-13 қыркүйек аралығында Қазақстанға шетелден 597 мың турист келді, - деп хабарлайды  Aikyn.kz.   

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 68 мың саяхатшы Астана және Алматы халықаралық әуежайлары арқылы, 529 мың турист авто және темір жол көлігімен келген. 

Шетелдік туристердің елімізде жұмсаған жалпы шығыны: 15,5 млн АҚШ доллары (7,5 млрд теңге). 

Алыс шетелден келген туристердің орташа шығыны: 1500 АҚШ доллары. 

Көшпенділер ойындарына келген туристердің Қазақстан экономикасына қосқан үлесі: 625 000 АҚШ доллары. 

Қазақстанға ең көп туристер Қытай (33 мыңнан астам), Үндістан (6 мыңнан астам) және Германиядан (4 мыңнан астам) келген. 

1-13 қыркүйек күндері Ұлттық музейге 14 мыңнан астам, «Бәйтерек» монументіне 15 мыңға жуық, «Нұр-Әлем» павильонына 10 мыңға жуық турист барған. 

Этноауыл мен ойындарды 250 мыңнан астам адам тамашалаған. 

еQonaq жүйесі Астанада 12 500-ге жуық шетелдік турист тіркеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.