Қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні сағат 10.30 шамасында Аққайың ауданында болған.
Солтүстік Қазақстан облысында атасы немересін қыдыртуға алып шығып, өлтіріп алған
Фото: freepik
1,396
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында атасы мен немересі мінген квадроцикл аударылып, салдарынан кішкентай бала көз жұмды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Қайғылы оқиға 19 қыркүйек күні сағат 10.30 шамасында Аққайың ауданында болған.

«56 жастағы ер адам өз үйінің ауласында "POLARIS" маркалы квадроциклді басқара алмай, аударылып қалған. Салдарынан квадроциклде отырған 4 жасар бала орталық аудандық ауруханаға түсті, өкінішке қарай ол алған жарақаттарынан қайтыс болды. Квадроциклдің жүргізушісі де орталық ауруханаға жатқызылды», – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.