Жиын барысында атом электр стансасының экономикалық тұрғыдан елге әкелетін пайдасы сөз болды.
Қазақстанда электр қуатын тұтыну жыл сайын 3 пайызға өсіп отыр – Халықтық штаб
1,215
оқылды

"AMANAT" партиясының атсалысуымен құрылған АЭС құрылысы туралы Халықтық штабының мүшелері Жаңғызтөбе станциясы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС – «ЖТ Семей бөлімшесі» филиалының ұжымымен кездесу өткізді.

Абай облыстық Халықтық штаб мүшелері Жаңғызтөбе бөлімшесінің ҚТЖ қызметкерлерімен кездесті. Халықтық штаб мүшелері атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдум қарсаңында оның маңызын талқылады.

Кездесуде Абай облыстық Халықтық штабының төрағасы Қуаныш Сүлейменов Қазақстан үшін АЭС құрылысының стратегиялық маңызы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Жаңғызтөбе бөлімшесінің ҚТЖ қызметкерлерін толғандыратын басты мәселе – қауіпсіздік. Төрағаның айтуынша, атом электр станциясы заманауи технологияларды қолдана отырып салынады. Қазіргі уақытта елдің көп бөлігін көмір станциялары электр қуатымен қамтамасыз етеді. Олардың қаупі 80 есе жоғары. Атом электр станциясының құрылысы МАГАТЭ халықаралық агенттігінің қатаң бақылауында болады.

АЭС салу елді сенімді және экологиялық таза энергиямен қамтамасыз етіп қана қоймай, одан әрі экономикалық өсуге және Қазақстанның халықаралық ұстанымдарын нығайтуға ынталандырады, – деп қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып атап өтті Штаб мүшесі Мейірхан Оспанбаев.

Кездесу белсенді талқылау форматында өтті. Атом электр станциясының құрылысына қатысты азаматтардың алаңдаушылығын тудырған сұрақтарға толық түсініктемелер берілді.

 «Bir Tolqynda»: Атом энергиясы – Қазақстан дамуының жаңа белесі 

 

АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бүгін диалогтың алаңында жастармен жүздесіп, еліміз үшін стратегиялық жоба – атом электр станциясын салудың артықшылықтары туралы ақпарат беріп, өзара пікір алмасты.

Жастармен еркін форматта өткен жиында Шымкент қалалық Халықтық штаб төрағасы, Бахадыр Нарымбетов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында экономикада жаңа өндірістерді қосу үшін көп энергия қажет екенін, мұндай жоғары сұранысты атом энергетикасы ғана шешуге мүмкіндік беретінін айтқанын жеткізді. Мемлекет басшысының Жарлығымен 6 қазанда Атом электр станциясын салу жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізу белгіленгенін және таңдау еркі әрбірімізге берілгенін атап өтті.

Ал Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының мүшесі Қарақат Әбден маңызды шешім қабылдауда жастардың рөлі ерекше екенін айтып, дәл осы өскелең ұрпақтың болашағы үшін жасалып жатқан батыл шешімдер уақытында тұрғанымызды жеткізді. Энергия тапшылығы мәселесі, атом электр станциясының елге беретін пайдасы, экономика мен әлеуметтік ахуалға тигізетін оң әсері және қауіпсіздік жайында кеңінен түсіндірді. 

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Данабек Исабеков энергетикалық қауіпсіздікті сақтау – еліміздің басты стратегиялық мақсаттарының бірі екенін айта отырып, электр энергиясы болмаса, өндіріс те, даму да жоқ екенін назарға алды.

- Қазіргі уақытта, Қазақстанның энергетикалық секторы елімізде өндірілетін барлық электр энергиясының шамамен 70 пайызын – көмір электр станциялары арқылы өндіреді. Бұл станциялардың орташа тозу деңгейі 70 пайызға жеткен. Оның үстіне, Қазақстанда электр қуатын тұтыну көлемі жыл сайын 3 пайыз көлемінде өсіп отыр. Тозығы жеткен станциялармен қажет көлемде энергия өндіру мүмкін еместігіне уақыт өткен сайын көзіміз жетіп келеді. Сондықтан мұндай маңызды шешімде жан-жақты саралап, зерделеген дұрыс. Мен тұрақты энергия көзін қолдаймын», – деді ол.

Өзге халықтық штаб өкілдері АЭС салу қажеттілігін туындатып отырған өзге де себептерді түсіндіріп, 6 қазан күні өтетін Референдумда елдің болашағы үшін дауыс беруге шақырды. 

Жастар тарапынан АЭС салу мәселесі бойынша туындаған өзге де сауалдарға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, «Қазақстан Халық партиясы» қалалық филиалының төрағасы Бахтияр Жандарбеков, қоғам қайраткері Еркін Сатқанбаев, «Ақжол»партиясы Шымкент қалалық филиалының төраға орынбасары Дәурен Босымбаев және республикалық штаб мүшесі Талғат Айтбаев жауап беріп, сала мамандарының, сарапшылардың кәсіби ұстанымдарын жеткізді.

Жастар Атом энергетикасы – Қазақстанның жаңа даму белесі екенін айтып, Мемлекет басшысының бұл бастамасын қолдауға дайын екендіктерін жеткізді. Ашық мазмұнда өткен жиында жастар өз ойларымен бөлісіп, сауалдарына тұшымды жауап алды.

АЭС тақырыбы қаржыгерлермен талқыланды

Жиын барысында атом электр стансасының экономикалық тұрғыдан елге әкелетін пайдасы сөз болды.

Халықтық штаб мүшелері Талдықорған қаласындағы Halyk Bank ұжымымен өткізді. Басқосуда атом электр стансаның құрылысы мен оның экономикалық пайдасы кеңінен талқыланды. 

Атом электр стансалары бар мемлекеттер соның ішінде әсіресе, уран өндіру және ядролық отын өндірісі бар елдер тек көмір немесе газ энергиясына негізделген елдерге қарағанда әлдеқайда дамыған деп есептеледі. Әлемде экономикасына АЭС пайда әкеліп отырған елдер аз емес.

«АЭС қалдықтары олардың түріне және технологиясына байланысты сақталуы не қайта өңделуі мүмкін. 1 жылдың ішінде АЭС шамамен 80 кг радиактивті қалдықтар шығарады. Мысалы, пайдаланылған ядролық отын қалдық болып саналмайды, өйткені оны қайтадан энергия көзі ретінде пайдалануға болады. Яғни сыйымдылығына қарай оны арнайы бөшкелерде сақтайды», – дейді Жетісу облыстық мәслихат төрағасы Гүлнар Тойлыбаева. 

Қазіргі уақытта әлем бойынша 415 ядролық энергетикалық реактор жұмыс істеп тұр және тағы 62-сі салынуда.  АЭС-тердің ең көп саны АҚШ-та – 94 реактор, Францияда – 56, Қытайда – 56, және Жапонияда – 12 реактор бар екендігін атап өткен жөн.

«АЭС құрылысы электр энергиясының тапшылығын қысқартуға, тарифтердің өсуін тежеуге, экологияны жақсартуға және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге қол жеткізудің сенімді тәсілі, өйткені көмір станцияларының экология мен адам денсаулығына әсері теріс. Атом энергетикасы барлық параметрлердің, соның ішінде электр энергиясының құны бойынша оңтайлы таңдау», – дейді «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиаланың төрағасы Арыстанғали Арын. 

Банк ұжымы атом электр стансаның қоршаған орта мен қоғамға тигізетін зардаптарына алаңдаушылықтарын да жасырмады. Өз тарапынан штаб мүшелері атом энергетикасының қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтерілгенін жеткізді. III+ буын реакторларының конструкциясына қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктері қосылды. Нәтижесінде станса  қызметкерлерді эвакуациялау және электр қуатын өшіру жағдайында жұмыс істей алады.