Ол жазбасында жаңа жұмысқа орналасуға өтініш бергенін жеткізген.
«Бойымда қазақтың қаны бар ғой...»: бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек көшетінін айтты
Фото: instagram.com/ muratsaveliev
6,227
оқылды

Бельгиялық әйел асырап алған қазақ баласы Жәнібек анасы өмірден өткен соң басқа елге көшетінін айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.     

Ол жазбасында жаңа жұмысқа орналасуға өтініш бергенін жеткізген. 

"Мен басқа қалаға көшіп, жаңа орынға орналастым! Қазір Қазақстанда емеспін... Өте өкінішті, өйткені, сіздерге айтарым көп еді. Осы айдың басында мен Испаниядағы аралдан материк жағына көштім. Енді жыл бойы жұмыс істеуге мүмкіндік болады. Мен атқа міну бойынша экскурсовод ретінде жұмысқа өтініш бердім. Бойымда қазақтың қаны бар ғой, өйткені... Бірнеше күннен кейін сіздерге айтар жақсы жаңалық болар деп үміттенемін. Мен үшін дұға етіңіздер. Мен де өздеріңіздей саяхаттауды жақсы көретін адаммын. Сондықтан мен келесі 3 аптада Латын Америкасынан өтемін", - деп жазды Мұрат Савелиев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Murat Saveliev (@muratsaveliev)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.