Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады.
«Жаңбыр жауып, үсік жүреді»: 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
1,516
оқылды

Қазгидромет 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөліктердің жылжуы әсерінен жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста жел екпін алады. Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман болады. Ақтөбе облысының солтүстігінде сынап бағаны -1°С суықты көрсетіп, түнде үсік жүреді.

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау өңірінің шығысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, Ұлытау өңірінде, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу өңірінің солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.