Қазақстан энергетикасының болашағында аса маңызды рөл атқаратын АЭС салу мәселесі бойынша алдағы референдумды талқылау басты назарда.
АЭС салу – энергия тапшылығы мәселесін шешу жолындағы маңызды қадам
433
оқылды

Глубокое ауданында қатысқан АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штабтың мүшелері, ҚР Парламент Мәжілісінің депутатары Ерлан Саиров және Ұлықбек Тұмашинов «Убинка XXI» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. 

Қазақстан энергетикасының болашағында аса маңызды рөл атқаратын АЭС салу мәселесі бойынша алдағы референдумды талқылау басты назарда. Кездесу барысында депутаттар атом энергетикасы — бұл елдің тұрақты дамуына жол ашатын нақты бастама деді. 

 «Атом саласын дамыту көміртегі бейтараптығына қол жеткізу және жыл сайын өзекті болып келе жатқан энергия тапшылығы мәселесін шешу жолындағы маңызды қадам», - деді Ерлан Саиров. 

Депутаттар сондай — ақ атом электр станциясының құрылысы-бұл жаңа жұмыс орындары, технологиялық инновациялар және елдің экономикалық өркендеуіне қосқан үлесі екенін атап өтті. 

«АЭС құрылысы Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар экологияға оң әсер ететін көмірқышқыл газының шығарындыларын едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін жоба», - деді Ұлықбек Тұмашинов. 

Олар әр азаматты референдумға қатысуға шақырды, өйткені елдің болашағы біздің бүгінгі таңдауымызға байланысты.

Республикалық халықтық штаб өкілдері  Жаңақорған ауданында болды

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб өкілдері М.Жайымбетов, Ж.Нұрымбетов, Н.Амитов, Ж.Ысқақ,  С.Өмірзақов, П.Сыздық референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында Жаңақорған ауданында болды.

Жаңақорған ауданы Сыр елінің даму көшін жандандырып тұрған өңір. Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп, мемлекет қолдауы арқасында жас кәсіпкерлер қатары артқан. Бұл дегеніңіз, нарықтық экономикаға жаңа леп келді дегенді білдіреді. Отандық өнім сапасы артып, тұтынушылар қатары да көбейіп келеді.

Осы орайда халықтық штаб мүшелері аудан кәсіпкерлермен кездесіп, жасыл энергияның ел экономикасына оның ішінде халық әлеуетіне және қоршаған ортаға тигезер оң әсері жайлы  ой-пікірлерімен бөлісті. 

«Өңірлердегі шарушылықтарды дамыту үшін энергия қуаты аса қажет. Энергетикалық кешенді дамыту бағытын таңдау мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына айтарлықтай әсер етеді. Мұндай мәселеде терең пайым мен парасаттылық керек. Әрине, ел болашағы үшін жасалатын жұмыс уақыт өте келе өз жемісін беретін болады», – деп атап өтті республикалық халықтық штаб мүшесі  Мархабат Жайымбетов.

Мұнан соң штаб өкілдері «QamqorIyq» оңалту орталығында денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездесті. Онда халық денсаулығы сақшысына айналған мамандарға Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған маңызды міндеттер мен АЭС-тің маңыздылығын атап өтті. 

Сала мамандары АЭС құрылысы экономиканың маңызды қозғалтқышына және жоғары технологиялық сектордың локомотивіне айналып, қайбір сала үшін оң мультипликативті әсер беретіндігіне тоқталды. 

«Жаңақорған Транзит» ЖШС ұжымымен кездесуде спикерлер Мемлекет басшысының  атом электр станциясын салу мәселесін 6 қазанда жұртшылықпен бірлесіп, референдум арқылы шешуді тапсыруы, халық мүддесі қашанда жоғары екендігінің көрінісі екенін атап өтті.   

АЭС салу мәселесі жастарды да бей-жәй қалдырмады. Аудан жастарымен болған кездесуде олар  бұл қадам – кәсіби даму мен еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге мол әсер беретіндігін әңгімеге арқау етті.  

Осы күні халықтық штаб мүшелері «Қыраш» ауылдық округіндегі «Qaratau fruts» шаруа қожалығы ұжымымен де кездесті. Кездесуде жасыл энергия көзі жайлы кеңінен ақпарат берілді. 

Жалпы, Халықтық штабтың барлық кездесулерінде аудан тұрғындарына АЭС жөнінде кеңінен ақпарат беріп, сауалдарына жауап берді.

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб Шиелі ауданы жұртышылығымен кездесті

 Бүгін АЭС-ті қолдау жөніндегі республикалық Халықтық штаб өкілдері Мұрат Әбенов, Мақсұт Нәлібаев, Балжан Шәменова, Мұхиджан Кәрімбаев, Бақытжан Абдикаримов Дәулет Жұмбеков,  Назерке Талғатова Шиелі ауданында болды.

Спикерлер аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, мемлекет басшысының халыққа жолдауынан туындаған мақсат-міндеттерді баяндап, референдум маңыздылығы жөнінде атап өтті.

«Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында еліміздегі эенергия тапшылығының алдын алуыда АЭС салу мәселесін көтеріп және оны референдум арқылы халықтың таңдауы еркіне беріп отыр. Біздің өңірледегі жұмыс сапарымыздың мақсаты ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қоғамды толғандырған сауалдарға жауап беру.  Әрине, түрлі алып қашпа әңгімеле бар. Біздің ең бірінші таңдауымыз АЭС саламыз ба, салмаймыз ба?- деген дүние. Меніңше бүгінгі еліміздің өзге мемелкеттерге энергетикалық тәуелділігінен арылтамыз, тұрақты энергия көзін қамтамасыз етеміз десек, бұл маңызды шешім деп есепетймін», - деді аудан тұрғындарымен болған кездесуде республикалық халықтық штаб мүшесі Мұрат Әбенов.

Мұнан соң штаб мүшелері аудан ақсақалдарымен жүздесті. Кездесуде май шамның төңірегіне топтасқан күндерді еске алған ақсақалдар елдік іске естілігімізді танытпасақ, ақсақалдығымызға сын болар деген сыңай танытып, болашақтың бағына басталған Президент бастамасын қолдайтындықтарын жетікізді. 

«ПЧ-56» мекемесінде болған басқосуға 100-ге жуық теміржолшы қатысты. Олармен пікірлесу барысында штаб мүшесі Мұхиджан Кәрімбаев әлем елдерінің АЭС қолдану бағытындағы жұмыстарын мысал етіп, АЭС маңыздылығын түсіндірді. 

Штаб мүшесі Назерке Талғатова: Мемлекет тағдырына қатысты кез келген маңызды шешім халықтың қатысуымен және оның пікірін ескере отырып қабылданады. Президентіміз ұстанған саясаттың бұлжымас қағидасы – осы. Бұл – біздің қоғамда жаңа саяси мәдениет қалыптасқанының көрінісі. Біз әр қадамды нық басып, реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеміз. Түпкі мақсат – оны әр азамат, әр отбасы сезінуге тиіс, – деп атап өтті. 

Республикалық халықтық штаб мүшелері одан әрі мәдениет және өнер саласы қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде сала өкілдері өз пікрлерін білдіріп, ел келешегі жолындағы кез келген іске қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.