20 қыркүйек күні кешке сотталғандар электр трансформаторын өртеп жіберген.
Түркістан облысындағы түзеу мекемесінде сотталғандар бүлік шығарды
Андрей Стенин/ РИА Новости
602
оқылды

Түркістан облысы ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, түзеу мекемесіндегі кейбір тұтқындар қамауда ұстау режимімен келіспеген,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тәртіпсіздік кезінде Ұлттық ұланның екі әскери қызметкері мен бір полиция қызметкері жеңіл жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.

  Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Мекеме әкімшілігінің қоғамнан оқшаулануды қамтамасыз ететін заңды талаптарына топтық түрде бағынбау, топтық бағынбауға қатысу, күш қолдану, өзіне қасақана зиян келтіру арқылы басқа да ауыр зардаптарға әкелу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды,  – делінген хабарламада.