Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман болады.
«Найзағай ойнайды»: 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
1,926
оқылды

"Қазгидромет" РМК 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады,  – деп жазды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Атап айтқанда, жаңбыр жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Қазақстан бойынша тән ортақ табиғи құбылыс –  желдің екпін алуы. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман болады.

Гидрометорталықтың деректеріне сүйенсек, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Ұлытау өңірінің шығысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда өңірінің солтүстік-батысында, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстігінде, Қостанай өңірінің орталығында, Алматы облысының батысында, орталығында, Абай облысының шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау, Батыс Қазақстан облыстарында, Абай өңірінің оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды өңірінің батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.