Жарысқа ұлттық құрамадан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина құрамаларынан спортшылар келеді.
Санжар Тәшкенбай ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға оралды
Фото: ҰОК
3,015
оқылды

Боксшы Санжар Тәшкенбай ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға шығады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол Шымкентте өтетін Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған жарысқа қатысады.

«Жаттығуды бастап кеттік. Шымкентте өтеді.  29-на басталады. Көп демалыстан кейін бірінші жарысым болайын деп тұр. Украина құрамасы келді, Қырғыз командасы келеді. Сонымен қатар Өзбекстан боксшылары болады. Жарысқа дайынбыз», - дейді спортшы.

Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған турнир 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Шымкент қаласында өтеді. 

Айта кетейік, Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған турнирге Қазақстаннан төрт құрама қатысады. Алайда Ұлттық құраманың бірінші нөмірлі боксшылары арасынан Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) бұл турнирге қатыспайтыны белгілі болды.

Жарысқа ұлттық құрамадан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина құрамаларынан спортшылар келеді. Сонымен қатар Түркия және Египет құрамаларымен де келіссөздер жүріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.