Алматыда биыл жазда «Алтын жас» бағдарламасы басталды.
Алматыда зейнеткерлерді жұмысқа қабылдап жатыр
Алматы әкімдігі
5,647
оқылды

Аталған бағдарлама аясында зейнеткерлерді жұмысқа қабылдайтын жұмыс берушілерге қызметкер жалақысының 50%-ы субсидияланады. Бірақ ол сома бір ең төменгі есептік көрсеткіштен аспайды (2024 жылы – 85 мың теңге), – деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

«Алтын жас» аясында күні бүгінге дейін 355 алматылық жұмысқа орналастырылған. 

Бұл бағдарламаның негізгі шарты жұмысқа тұрушылардың барлығы жұмыссыз ретінде тіркелуі және Алматыда тұрақты тұруы тиіс.

Өтінішті онлайн режимінде жіберуге және кеңес алуға (эл. пошта: a.jas@almaty.gov.kz немесе WhatsApp нөмірі бойынша+7 708 961) болады. Сондай-ақ жеке кеңес алу үшін Еңбек мобильділігі орталығына (Достық даңғылы, 85, 2-қабат, каб. 201а) баруға болады.