Аталған факт бойынша өңірде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Кешкі асқа тұшпара жеп, төрт бала қайтыс болды
www.istockphoto.com
751
оқылды

Кешкі асқа тауық еті мен тұшпара жеп отырған отбасында жантүршігерлік оқиға болды. Оқиға 22 қыркүйектен 23 қыркүйекке қараған түні  болған. Осымен төртінші бала Ресейдегі Краснояр  өлкесінің ауруханасында тауық еті мен тұшпара жегеннен кейін қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты karelinform.ru сайтына сілтеме жасап. 

Қайтыс болған 12 жасар қыз екен. Аталған факті бойынша, өңірдің тергеу әрекеті жүріп жатыр. Астан уланған  ата-ана қазір есін жиған. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Айта кеткен жөн, ведомство қызметкерлері енді ересектерден жауап алуға ниетті. Оған қоса, баласынан айырылған отбасының анасы бесінші баласына жүкті екені белгілі болды.