Кәсіпкер жаңа жасын жақындарымен қарсы алды.
"Торттың салмағы – 120 келі": Тұрсын Алагөзов 55 жасын дүркіретіп атап өтті
Фото: видеодан алынды
830
оқылды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі, меценат Тұрсын Алагөзов 55 жасқа толды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Кәсіпкер жаңа жасын жақындарымен бірге қарсы алды. Сондай-ақ кешке отандық шоу-бизнес өкілдері, Raim мен Ерке Есмахан, Динара Сәтжан, Дильназ Ахмадиева, Тамара Асар секілді жұлдыздар шақырылған.

“Макси күйеу! Макси әке! Макси ұл! Макси бастық! Макси еркек! Туған күніңмен, – деп жазды Баян Алагөзова. 

Желі қолданушыларының назарын туған күн иесіне арналған торт аударды. 

“Салмағы – 120 келі. Біздің үлкен уайымымыз болды. Қалай шығады, қалай жетеді деп қатты толқыдық. Ұқсай ма, қалай?”, – деп жазды торт жасаған кәсіп иесі. 

Алайда оқырман қауым ысырапшылдыққа жол берді деп танымал отбасын сынға алды. 

“120 келі торт дегенге сену қиын”, “Не деген астамшылық”, “Мүмкін 12 келі шығар?!”, “Той мәдениеті осылай қалыптасуы керек”, “Барлық қыз-келіншекке күйеуінің туған күнін тойлауды нәсіп етсін”, – деп жазды көпшілік. 

Бұған дейін продюсер, актриса Баян Алагөзованың қалай ана атанғаны туралы жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.