Жанқош Тұраровтың қарсыласы жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинто (16-0, 16 КО) болатын.
Боксшы  Жанқош Тұраровтың 28 қыркүйектегі жекпе-жегі өтпейтін болды
Фото: instagram.com/zhankoshturarov
1,574
оқылды

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың  (28-0, 28 КО) 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім оң иығымнан жаттығу барысында жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды, қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын», - деп жазды боксшы. 

Жанқош Тұраровтың қарсыласы жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинто (16-0, 16 КО) болатын. Боксшы екі чемпиондық атағын қорғау үшін 28 қыркүйекте шаршы алаңға шығады деп жоспарланған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Әнару Қалдыбекқызы есімді қыз "Жанқош Тұраров зорлады" деп полицияға шағым түсірді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.