Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында архивтегі видеосын жариялап, концертте болған жағдай туралы баяндады.
«Сыра ішкен жоқпын»: Мақпал Жүнісова басынан өткен оқиға туралы айтты
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
21,490
оқылды

Әнші Мақпал Жүнісова концертте болған оқиғасы туралы айтып берді, - деп жазды Aikyn.kz. 

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында архивтегі видеосын жариялады. Ол концертте болған жағдай туралы баяндап, жұртты күлкіге қарық қылды.

«Оралға жолға жиналып жатырмын. Соңғы барғанда қандай көйлек киіп едім деп архивті ақтарсам, оралдық мықты әнші Еркін Өтегеновтің ән кешіне барыппын. Сонда апам шығып «менің жас кезімде келгенімде таң атқанша отырып едік, Пивашевпен» дегенде шок болдым. Құлағына сыбырлаймын «Апа, мен ол кезде пива ішкен жоқпын» деп. Сөйтсем бастықтарының фамильясы Пивашев екен. Маған пива ішіп отырғанбыз деп естілді», - дейді әнші.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.