Боксшы украиналық қарсыласы Александр Хижнякпен жұдырықтасу оңай болмағанын атап өтті.
«Алтын алғанымда мұндай болмаушы едім»: Нұрбек Оралбай Головкин қандай кеңес бергенін айтты
Фото: видеодан кадр
4,373
оқылды

Бокстан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай «Түнгі студия» бағдарламасында финалдық жекпе-жегі туралы айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Боксшы украиналық қарсыласы  Александр Хижнякпен жұдырықтасу оңай болмағанын атап өтті. Осы кездесуден кейін Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин боксшыға кеңес берген.

«Көп қателіктер болды. Үшінші раундтағы жекпе-жекте сәл жетпей қалды. Қарсыласым да осал емес. Әлем чемпионы, Токиода күміс жүлделі болған, ең үздік боксшы атанған. Бұл оның екінші олимпиадасы, алтын бұйырып тұр екен. Ол үшін қуаныштымын. Финалда жеңілгеннен кейін Геннадий ағамыз келіп, «Нұрбек, бұл күмісті мен де алғанмын. Сол 2004 жылы мен алтын алғанымда мұндай болмаушы едім. Осымен тоқтап қалма» деп жігерлендірді. Осы сөздер маған мотивация сыйлап, көп демалмай, бірден жаттығуды бастайын деп жатырмын», - дейді боксшы.

Айта кетейік, Парижде 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек Оралбай финалда украиналық Александр Хижнякқа 2:3 есебімен есе жіберген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.