Әнші Мейрамбек Бесбаев сәбиі дүниеге келген сәтте халықтан сүйінші сұрады.
Мейрамбек Бесбаев дүниеге келген сәбиіне өлең арнады
Фото: ankui.kz
8,995
оқылды

“Музарт” тобының солисі, әнші Мейрамбек Бесбаев үшінші рет әке атанғанын айтып, халықтан сүйінші сұрады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

“Күн сәулесі төгіліп келбетіңе,
Құрсағында анаңның тербетіле,
Толғағы жоқ әкеңді толғандырып,
Қызым менің, қош келдің жер бетіне!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары мен әншінің әріптестері оны жаппай құттықтап жатыр. 

“Қандай керемет жаңалық! Сүйкімдіге жүкті кезімде Мархабат: “Маған да жұғысты болсын” деп тілек айтып еді. Қатты қуанып отырмыз”, – деп жазды айтыскер ақын Сара Тоқтамысова. 

Одан кейін ақын Серікзат Дүйсенғазин де көптің тілегі қабыл болғанын айтты. 

“Мәкебай досым, осыдан он ай бұрын туған еліңде көкпар беріп, қалың елдің ақ батасын алып едің. Халықтың тілегі қабыл болып кішкентай сәби дүниеге келген екен. Жаратушы Алла ұлық қой. Балапанның бауы берік болсын! Ғұмыр жасы ұзақ болсын! Мархабат екеуіңе шөбереден шөпшек сүю нәсіп болсын!”,  – деді ақын. 

"Бұл жаңалыққа өте қуанышты болдық. Бауы берік болсын! Марха жарады. Ізіңді жалғар ұрпағың көп болсын! Тек той болсын!", – деп жазды Қарақат Әбілдина.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.