Қaзіpгі тaңдa дүниeжүзіндe жұмыс істeп тұpғaн peaктоpлapдың сaны 415-ті құраса, тaғы 60-тaн aстaмы сaлынып жaтыp.
Халықтық штаб өкілдері АЭС құрылысын қолдауға шақырды
616
оқылды

АЭС салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық Халықтық штабының мүшелері Қазақстан халық Ассамблеясының өкілдерімен кездесіп, атом электр стансасын салудың маңыздылығын түсіндіріп, азаматтар тарапынан АЭС-ке қатысты туындаған сұрақтарға жауап берді.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында АЭС салу мәселесінің соңғы шешімін халық қабылдайтынын нақты атап, референдум өткізу қажеттігін айтты. 6 қазан АЭС салу бойынша референдум өтеді. Еліміздің азаматы ретінде референдумға қатысып, өз көзқарасын білдіруге кез келген азамат құқылы», – деді Халықтық штаб мүшесі Аманбай Нуркенов.

Кездесу барысында жұртшылыққа бұл бастаманың еліміздің экологиялық қауіпсіздігі мен экономикалық тиімділігіне, сондай-ақ отандық энергетика саласындағы стратегиялық мәніне баса мән берілді. Штаб мүшелері АЭС салу елімізді энергияға деген тәуелділіктен арылтып қана қоймай, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға серпін беретінін алға тартты.

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев аудандағы сапарында Абай ауылына барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуде атом электр стансасын салудың экономикалық тиімділігі мен Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігін нығайтудағы рөлі, экологиялық артықшылықтары кеңінен талқыланды.

Әңгімелесу барысында штаб мүшесі Мұрат Ергешбаев АЭС тек Еуропада ғана емес, дүниежүзінде кеңінен пайдаланылып жатырғанын атап өтті. Басқа энергия көздерімен салыстырмалы түрде қарағанда атом энергетикасы таза энергия екеніне тоқталды.

«Қaзіpгі тaңдa дүниeжүзіндe жұмыс істeп тұpғaн peaктоpлapдың сaны 415-ті құpaсa, тaғы 60-тaн aстaм сaлынып жaтыp. Бұл дeгeніміз дaмушы eлдердің дe aтом элeктp стaнсасынa мұқтaж eкeнін көpсeтeді. Біз дe элeктp қуaтын тұpaқты пaйдaлaнғымыз кeлсe, осы бaғыттa aлғa жылжып, хaлықтың әл-aуқaтын көтepу үшін нaқты қaдaмдap жaсaуымыз кepeк. Aзaмaттapдың дeнсaулығын, өсімдіктep мeн жaнуapлap дүниeсін қоpғaу – мeмлeкeттің бaсым бaғыттapының біpі. Бұл peттe AЭС-ті қоpшaғaн оpтa үшін тaзa әpі тиімді энepгия көзі дeп толық aйтa aлaмыз»,  – дeді Хaлықтық штaб мүшeсі.

Сонымeн қaтap кeздeсудe штaб мүшeлepі aтом элeктp стaнсалapының paдиaциялық қaуіпсіздіккe қaтысты қaтaң epeжeлep мeн тaлaптapғa сaй болaтынын, хaлықтың қaуіпсіздігі біpінші оpындa тұpaтынын aтaп өтті. Бұдaн бөлeк, AЭС құpылысының жaңa жұмыс оpындapын құpуғa жәнe ғылыми-тeхникaлық пpогpeсті ынтaлaндыpуғa тигізeтін әсepі жөніндe aқпapaт бepді.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары АЭС-тің тиімділігі мен артықшылықтары туралы толық түсініктеме алғандарын айтып, маңызды жобаға қолдау білдірді.

Атом электр стансасын салуды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық Халықтық штабының мүшелері мәдениет саласының өкілдерімен кездесті.

Жиында Халықтық штаб мүшелері атом электр стансасының құрылысы Қазақстанның халықаралық аренадағы мәртебесін айтарлықтай арттыра түсетінін мәлім етті. Айтуларынша, атом электр стансалары елді энергетикалық тәуелсіздікпен қамтамасыз етіп, импорттық ресурстарға тәуелділікті азайтады.

«Өздеріңізге белгілі, еліміздің электр қуатына деген тәуелділігі жыл санап артпаса кемімейді. Осы түйткілді мәселені шешу үшін бізге АЭС салу керек. Әрі АЭС салу елімізді энергия тапшылығынан тәуелсіз етіп, ірі инвесторлардың келуіне де жол ашады. Сонымен қатар  атом энергиясын пайдалану көміртегі шығындыларын азайтып, елдің экологиялық беделінің арта түсуіне ықпал етеді. Бастысы, атом электр стансаларын дамыту экономикалық өсуді ынталандыра отырып, технологиялық прогреске және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бермек», – деді спикер Аскерхан Хуанбай.

Атом энергетикасының салынуы – елдің үдемелі дамуы мен оның технологиялық әртараптануы бағытындағы маңызды екінші қадам. Өйткені, уранның қоры бойынша әлемде екінші орында екенімізді ескерсек, АЭС салу ісіне жүрексінбей кірісуге болады. Онда атом өнеркәсібі мен медицина саласында ғылыми зерттеу, ауыл шаруашылығы, экономиканың барлық бағытында дамуға зор мүмкіндіктер туады. Бұдан бөлек, заманауи технологиялардың деңгейі – атом электр стансасын салуға жетеді. Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) талаптарына сай қауіпсіздік ережелерін сақтап, керекті міндеттелген стандарттарын қолданып, шыққан қалдықтарды залалсыздандырып, тиісті шараларын орындап отырса, ешқандай қорқыныш болмауға тиіс. Кеше тараздық тұрғындармен кездескен Халықтық штаб мүшелері осылай деді.

Бұл күні Парламент Мәжілісінің депутаты Мұқаш Ескендіров пен өңірлік Халықтық штабтың төрағасы Дауыл Бейсенқұлов бастаған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Батырбек Құлекеев пен Эльмира Қойлыбаева әуелі «Минералды тыңайтқыштар зауытының» ұжымымен кездесті. Жиын барысында жұртшылық назарына АЭС құрылысының мәселесі жалпыұлттық референдум арқылы шешілетіні, осы себепті, 6 қазан күні белсенділік танытудың маңыздылығы айтылды.

– Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Рафаэль Гросси әлем бойынша 17 мемлекет АЭС салуға ниет білдіргенін, оның ішінде нақты қолға алып жатқан 10 мемлекет бар екенін атап өтті. Ал осы ондықтың ішінде Қазақстан да бар. Агенттік бұл жұмыстарды өз бақылауына алғалы отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне сәйкес келетін жаңа буын атом электр стансасын салу мүмкіндігі талқылануда. Егер елімізде АЭС салынатын болса, нысанды салу мен пайдаланудың процесі бүкіл өркениетті әлемде қолданылатын халықаралық қауымдастық әзірлеген ережелер мен нормаларға сәйкес жүзеге асырылады, – деді Мұқаш Зұлқарнайұлы.

Сондай-ақ жиын барысында Қазақстанның энергетикалық секторын трансформациялауға арналған бастамалар да сөз болды. Халықтық штаб мүшелері еліміздегі электр энергиясының қорымен байланысты туындап жатқан түйткілдерге тоқталып, атом энергетикасының тиімділігі туралы ғалымдар мен сала мамандарының пікірлерімен бөлісті.

Бұдан кейін, «Ғимарат-Темірбетон» серіктестігі  қызметкерлерінің қатысуымен өткен кездесуде атом электр стансаларының құрылысы инвестициялық жобаларды сәтті жүзеге асыруға жол ашатыны айтылды. Сондай-ақ спикерлер басқосуда референдумның маңыздылығын түсіндіріп, көпшіліктің көкейіндегі сауалдарына жауап берді. Халықтық штаб мүшелерінің пікірінше, қазірдің өзінде еліміздің өнеркәсіп саласында қуат көзінің тапшылығы анық байқалуда. Ал  АЭС құрылысы – энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етіп қана қоймай, экономиканың дамуына серпін бермек.

 «Имсталькон» Жамбыл металл конструкциялары зауытының қызметкерлерімен кездесуде 6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумның маңыздылығы мен энергия тапшылығы кеңінен айтылды. Бұл күні Халықтық штаб мүшелері атом электр стансасын салу жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салды. Олар өз сөздерінде АЭС салу – үйдегі жылу мен экологиядан бастап, бизнесті дамытуға және жаңа кәсіпорындардың пайда болуына дейінгі мультипликативті әсер беретін ауқымды жоба екенін атап өтті. Осы себепті, олар еңбек адамдарын ел игілігі үшін маңызды шешім қабылдауға және АЭС құрылысын қолдауға шақырды.

– Атом энергетикасы – ел экономикасының тұрақты дамуынан егіз болатын бірегей сала. Оның үстіне, атом электр стансалары импорттық энергия ресурстарына тәуелділікті азайтуға және елді тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Егер АЭС бой көтеріп, ел игілігіне берілсе, көмір жағу арқылы өндірілетін энергияның үлесі қазіргі 61-ден 40 пайызға дейін төмендейді. Осылайша, атом электр стансаларының құрылысы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуде қабылданған стратегиясын орындаудың негізгі қадамы болмақ, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.

Айта кетейік, осы күні «Есіктен есікке» акциясы аясында Халықтық штаб мүшелері көне шаһар тұрғындарына тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарына жауап берді.

Қазалы қаласының тұрғындары еліміздегі АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында Халықтық штаб мүшелерімен кездесті. Оған АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев және облыстық, аудандық Халықтық штаб мүшелері қатысты.

Кездесуде штаб мүшесі Мұрат Нәлқожаұлы атом электр стансасы еліміздің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды шешім екенін атап өтті. Оның пікірінше, егер еліміз қуатты электр көзімен қамтамасыз етілмесе, дамудың жоғары деңгейіне жете алмаймыз.

«Елде энергияны тұтыну көлемі артпаса, кеміген емес. Ресми деректерге сәйкес, тұтынудың жылдық өсімі 3%-ды құрайды. Осы секілді мәселелерді шешуге, жалпы ел экономикасын өркендету мен жаңа өндірістер және жаңа кәсіпорындарды іске қосу үшін бізге тұрақты қуат қажет. Сондықтан  АЭС-ті салу – еліміздің дамуы үшін маңызды қадам, қоршаған орта үшін таза әрі тиімді энергия көзі деп толық айта аламыз. Осындай заман талабына сай батыл шешімдерді қабылдаудың нәтижесінде біз жетістікке жетеміз», – деді Халықтық штаб мүшесі. 

Сондай-ақ Халықтың штаб мүшесі қоғамда талқыланып жатқан АЭС-тің қауіпсіздік мәселесіне де тоқталды. Өз сөзінде  қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретін III немесе III+ жаңа буын атом электр стансаларын салу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын алға тартты.

Ал кездесуге жиналған тұрғындар болашақ ұрпақ үшін аса қажет бастама екенін айтып, алдағы референдумға қатысуға дайын екендерін жеткізді.