Экспортымызда 70 кедергі бар
Экспортымызда 70 кедергі бар
284
оқылды
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) нарығында қазақстандық тауарлардың экспортына кедергі келтіріп тұрған 70-ке тарта шектеу бар. Нұр-Сұлтанда өткен Сауда және интеграция министрлігінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов осындай мәліметті келтірді. – Бұған дейін айтылғандай, мемлекеттің қолдауына қарамас­тан шикізаттық емес экспорттың өсімі өте баяу. Бұл ретте, ЕАЭО ая­сындағы интеграция туралы ай­тып өткім келеді. Өкінішке қа­рай, отандық тауарлар біздің се­ріктес-мемлекеттердің нары­ғын­да кедергілермен бетпе-бет ке­ліп отыр. Бүгінгі таңда дәл мұн­­дай 70-ке тарта кедергі мен шектеу бар. Бұл мәселені барлық алаң мен деңгейде, ЕАЭО кеңе­сінде де, Мемлекет басшыла­ры­ның дең­гейінде де көтеріп келе­міз. Бірақ өкінішке қарай, бұл кедергілер әлі де сақталып отыр. Кейбір салада алға жылжу бар десек те, кедер­гілердің біразы бо­йынша нақты бір шешімнің қа­былданғалы отырғанын көр­мей отырмыз, – деді Әлихан Смайылов. Жалпы, ЕАЭО құрылғаннан кейінгі төрт жылда (2014-2018 жыл­дар аралығы, 2019 жылғы то­лық статистика шыққан жоқ) Қазақстанның одаққа мүше ел­дермен сауда-саттығы – 23,4%-ға, экспорт – 18,1%-ға, импорт 25,8%-ға өсті. Алайда импорттың өсу қарқыны жалпы қазақстандық импорт үшін орташадан жоғары, ал экспорт төмен күйде қалып отыр. Ә.Смайыловтың айтуынша, отандық бизнестің мүддесін қор­ғау үшін импорттық тауарларға қатысты «айна сипатындағы қор­ғау шарасын» қолға алу керек.
«Менің ойымша, осы шараны қолға алсақ, әділетке жетер едік. Мәселен, нақты сандармен сөй­лейтін болсақ, Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара сауда-саттығында 30 пайыздық экспорт пен 70 пайыздық импортқа ие бо­лып отырмыз. Яғни, сайып кел­генде біз серіктестерімізден қарағанда ішкі нарықты ашу ин­теграциясы жағынан алға жыл­жып кеттік. Сол себепті меніңше, «айна сипатындағы шараларға» қатысты ойланатын кез жетті. Бақыт Сұлтановтан (Сауда және интеграция министрі) бұл тұрғы­да нақты ұсыныс күтемін», – деді Бірінші вице-премьер.
Айта кетейік, 31 қаңтар күні Алматыда өткен Еуразиялық үкі­метаралық кеңестің (ЕҮАК) оты­рысында Премьер-Министр Ас­қар Мамин ЕАЭО кеңістігіндегі эко­номикалық интеграцияның өзекті мәселелерін шешу бойын­ша бір­қатар бастамалар көтерген-ді. «Бүгінде келісілген кедергілер тізілімі жүргізіліп жатыр. Онда 68 кедергі көрсетілген. Біз 3 жыл бұрын бұл тізілімді 60 кедергіден бастаған болатынбыз. Бұл көр­сеткішті азайтудың орнына, біз өкінішке қарай, жаңа кедергілер туындатып немесе оларды жоюды көпке созып, жылдан-жылға олар­дың санын көбейтіп келе­міз», – деді А.Мамин. Осы орайда, Қазақстан та­рапы 2021 жылдың соңына дейін ЕАЭО елдерінде жүргізілетін мем­лекеттік сатып алуларды то­лық электронды форматқа көші­руді ұсынып отыр.   Бауыржан БАЗАР