Ол әртістің қасында жарты жыл жүріп, ондағы бар құнды дүниені санап жүрген.
Мұңымды тыңдап, сырымды біліп алды: Жұлдыз Әбдікәрімова жақын адамын сотқа беретінін мәлімдеді
1,144
оқылды

Танымал актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова жақында жақын адамын сотқа беретінін хабарлады, – деп жазады Aikyn.kz.

Оның сөзіне қарағанда, өнер иесінің басынан ол кездері сынақты күндер өтіп жатқан.

"Жаным қиналып, айналамнан ақыл сұрайтын адам таппай, басымды тауға да, тасқа да соғып жүргем. Сөйтіп сенделіп жүргенде күндей жарқ етіп, алдымнан бір кісі шықты. Бәлкім, менің құтқарушым осы болар деген ой жылт етті. Содан ол адам іші-бауырыма кіріп, мұңымды тыңдап, сырымды біліп, үйімнен талай ас ішті. Сөйтсем, оның өз жоспары болған екен. Адамның аласы ішінде, малдың аласы сыртында," – делінген Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасында. 

Әбден сеніміне кіріп алған әлгі адам актрисаға бірнеше құжатқа қол қойдырып алыпты. 

"Қит етсе халімді сұрап, менің басымдағы проблемамды өзінікіндей көріп, уайымдап жүрді. Мен болсам ештеңеден хабарым болмай, Жаратқанға алғыс айтумен болдым. Қысқасы, қасымда жарты жыл жүріп, мендегі бар құнды дүниені санап жүрген екен. Мен өз қайғымнан есімді жия алмай жүргенде, ол біраз құжатқа қолымды қойдырып алды. Ертең сол кісімен кездесуге барамын. Мәселе шешілмесе сотта кездесеміз. Егер оқырманым талап етсе, соттың ашық түрде, ел алдында онлайн трансляциялануын талап етемін. Сотта оқиға бүге-шүгесіне дейін айтылады. Әділ өтеріне сенемін. Ол адаммен 2 жыл бойы телефонмен сөйлескен әңгіменің барлығы заңды түрде делоға тігілді", – деп жазды актриса.