Әкесі пәтерді жалға алып, ол жерде екі баласын кезек-кезек пышақтаған және болған жайтты видеоға түсірген.
Екі баласын пышақтаған күдіктіге "шизофренияға шалдыққан" деген диагноз қойылған
Фото: nemolchikz_official/Instagram
1,096
оқылды

НеМолчиKZ қоры әлеуметтік желідегі парақшасында сұмдық оқиғаны жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Қор мәліметінше, ер адам туған балаларын пышақтап өлтірген.

Оқиға биыл қаңтар айында болған. Әкесі пәтерді жалға алып, ол жерде екі баласын кезек-кезек пышақтаған және болған жайтты видеоға түсірген. Кейін өзіне пышақ сұққан. Бірақ аман қалды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм балалардың бірі 2-сыныпта, енді бірі 5-сыныпта оқыған.

«Алдын ала жалға алынған пәтерде өз балаларын өлтіруді жоспарлаған және кісі өлімін видеоға түсірген әкеге жай ғана «шизофрения» деген айып тағылып жатыр. Бұрын мұндай диагноз қойылмаған. Балалардың анасының айтуынша, күйеуінде тәуелділік, психикалық ауытқулар немесе оғаш мінез-құлық болмаған. Ер адам видеоны әдейі түсіріп, туыстарына жіберген», – делінген жазбада. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.