ESGQ Рейтингтік агенттігімен бірлесіп ұйымдастырылған пікірталас алаңының негізгі мақсаты ESG компоненттерін бизнес-процестерге енгізу бойынша тәжірибе алмасу болды.
TURAQTY JOL Ұлттық әлеуметтік эконауқаны аясында пікірталас өтті
483
оқылды

Алматы қаласында TURAQTY JOL Ұлттық Әлеуметтік эконауқаны аясында "Күн тәртібінің ESG перспективалары және гринвошинг мәселелері: тұрақты дамуда бизнестің тиімді стратегиясын қалай қамтамасыз ету керек?" атты пікірталас өтті.

TURAQTY JOL – мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы өскелең ұрпақты туған жерге ұқыпты қарауға бағыттайтын тәрбиелік бастама. 

Жобаның іске асырылуы Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО iстерi жөнiндегi ұлттық комиссиясы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік кеңсесі қолдауымен өткізіледі. 

Жобаның ақпараттық серіктестері: Alash Media Group және NurMedia холдингтері.

ESGQ Рейтингтік агенттігімен бірлесіп ұйымдастырылған пікірталас алаңының негізгі мақсаты ESG компоненттерін бизнес-процестерге енгізу бойынша тәжірибе алмасу болды. Іс-шараға қатысушылар гринвошингтің өзекті мәселелеріне назар аудара отырып, компаниялардың тұрақты дамуы мен әлеуметтік жауапкершілігінің сәтті жағдайларын талқылады.

ESGQ Рейтингтік агенттігінің директоры, Ерлік Қаражанның айтуынша, Қазақстанда, әлемнің көптеген еліндегідей, 60-шы жылға қойылған маңызды міндет пен мақсат – көміртегі бейтараптығына қол жеткізу. Бұл айтарлықтай үлкен инвестиция мен қаржыландыруды қажет етеді. Сондықтан қазір бизнес пен қаржы секторын осы жұмысты синхронды түрде құруға ұмтылуымыз керек. Бұл мәселе экологиялық, әлеуметтік жауапты және корпоративтік басқару бөлігінде үздік әлемдік тәжірибелер бойынша жасалып жатыр.

Дүниежүзілік және қазақстандық ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтары федерациясының президенті Болат Ақшолақовтың айтуынша,  TURAQTY JOL эконауқанының бірегей кезеңдерінің бірі – ESG күн тәртібі аясындағы пікірталас компоненті. Ол әртүрлі топтардың, соның ішінде мемлекеттік органдардың, коммерциялық сектордың, ғалымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бір алаңда кездесуге, тәжірибе алмасуға және үздік тәжірибелермен алмасуға мүмкіндік беру үшін жүзеге асырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.