Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзін алдап кеткен адаммен қалай соттасқалы жатқанын айтты.
Жұлдыз Әбдікәрімова жақын адамымен соттасып жатыр
Фото: instagram.com/ zhuldyzabdukarimovaofficial
1,467
оқылды

Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзін алдап кеткен адаммен қалай соттасқалы жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

«Сот болады. Менің қорғаушыларым қобалжып жатыр. Қарсы тарап таныс-тамырларын қосып, сотқа ықпал етпекке әрекет етіп жатыр. Қанша жерден дөкейлерін қосып, тырнағын батырғысы келсе де, мен әділ сотқа сенемін. Ол адамның кім екенін айтып, не үшін соттасып жатқанымды айтып беремін. Заңгерлеріммен ақылдасып істейміз», – дейді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Бұған дейін актриса жақын адамы іш-бауырына кіріп, құжаттарға қол қойдырып алғанын айтқан болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.