Биыл 23 қыркүйектен бастап Алматыда мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарының үшінші кезеңі басталды.
Инклюзивті білім беру: Алматыда балабақша педагогтері үшін біліктілікті арттыру курстары басталды
483
оқылды

Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады. Бұл жолы курстарға арнайы білім беру педагогтері, яғни ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен тікелей жұмыс істейтін педагогтер қатысып жатыр. 

Үш аптаға созылатын курс барысында балабақша педагогтері білім беру бағдарламасы аясында мектепке дейінгі және инклюзивті білім беру саласындағы өзекті трендтермен танысады.

 

Бүгінде Қазақстанда инклюзивті білім беру тақырыбы бұрынғыдан да өзекті. Әр баланың толыққанды дамуы мен әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету, әсіресе мектепке дейінгі білім берудегі басым бағыт саналады. 

Айта кетейік, Білім басқармасы 2025 жылға дейінгі қаланы дамытудың Жол картасына сәйкес педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты белсенді түрде жүргізіп отыр. Биыл инновациялық әдістемелер бойынша 440 педагог оқудан өтіп жатыр, олардың 150-і психофизикалық ақауларды түзету, балалардың моторикасын, сөйлеуін дамыту және әлеуметтік бейімделуге қатысатын арнайы педагогтер.

Біліктілікті арттыру курстарының барысында педагогтер кәсіби-адамгершілік қасиетін жақсартып, арнайы педагогтардың қызметіндегі заманауи әлемдік үрдістерді, қолданбалы мінез-құлықты талдау әдістері мен ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеудегі сенсорлық интеграцияны меңгереді. 

Ұйымдастырушылар балабақшалардың арнайы педагогтері үшін курстардың өзектілігі шешуді қажет ететін бірқатар мәселелерге байланысты екенін атады. «Бұл түзету жұмыс әдістерін жетілдіру, инклюзивті білім берудің әдістемелік қамтамасыз етуін трансформациялауда ғылыми әдістерді пайдалану, балаларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүргізудегі тәсілдерді жетілдіру, тәжірибеге бағдарланған технологияларды қолданудың заманауи тәсілдерін енгізу. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін арнайы жағдай жасау – қаладағы мектепке дейінгі білім сапасын арттыруда өте маңызды аспект», – дейді Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі тәрбие және білім беру бөлімінің жетекшісі Раушан Тұмаева.

Курсқа жетекші халықаралық және отандық жаттықтырушылар мен сарапшылар тартылған. Үш апталық курстар аяқтағаннан кейін арнайы педагогтар біліктілікті арттыру туралы сертификат алады.