Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Түркістан облысында Президент кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде жасырылған  қару-жарақ табылды — ІІМ
Фото: istockphoto.com
817
оқылды

Түркістан облысында Президент кортежі жүрген жолда жасырылған қару-жарақ табылды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде ІІМ, ҰҚК қызметкерлері МКҚ-мен бірлесіп жасырылған қару-жарағын тапты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.